Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12858576
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3410
9603
37249
12623686
177029
375712
12858576

Сіздің IP: 3.143.17.127
Уақыт: 2024-04-25 17:47:42

Жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық Слеті

Областной Слет отрядов юных инспекторов дорожного движения Областной Слет отрядов юных инспекторов дорожного движения
Областной Слет отрядов юных инспекторов дорожного движения Областной Слет отрядов юных инспекторов дорожного движения

2019 жылдың 17 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өтті. Слетке аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 10 адамнан жасақталған командалар қатысты. Жас инспекторлар жол ережесін білу, жол-көлік апаттарында алғашқы көмек көрсету, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік бойынша білімдерін көрсете білді.

Конкурстың басты талабы командалардың киім кию үлгісі және барлық қатысушылар тиісті атрибутикаларын дайындады, сайыскерлер салтанатты киімдерін киді. Сайыстың «Сап түзеу» кезеңінде барлық қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете біліп, әрбір отряд сап түзеу дайындықтарын ұсынды. Сонымен қатар сайыста «Велосипедті мәнерлеп сырғанау» кезеңінде қатысушылар спорттық дайындықтарын да ортаға салды. «Жол жүру ережелерін білгірлері» және «Жас жол реттеушілері» кезеңінде жас инспекторлар жол жүру ережелері бойынша білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар сайыс шеңберінде «Эрудиттер турнирі» өтті. «Жас санитар» атты кезең сайыстың ең қызық тапсырмасы болды. Бұл жерде сайыскерлер ойын арқылы әр-түрлі жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Конкурстың қортындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Ертіс ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Олар жол көлік қозғалысы жас инспекторларының республикалық сайысына жолдама алды. Павлодар ауданының командасы екінші орында, ал Май ауданының командасы үшінші орынға жайғасты.

Түсініктемелер қосу