Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12642982
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15657
29268
101931
12290016
337147
367470
12642982

Сіздің IP: 18.204.214.205
Уақыт: 2024-03-28 19:55:22

Жас бизнесмендердің «Bala business holiday» жазғы мектебі

Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»
Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Президентская елкаЛетняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»

Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеудің тұжырымдамасы және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде осы оқу жылында «Bala business» жобасы іске асырылды.

Облысымыздың әр ауданы мен қалалары өздерінің меншікті бизнес-жобаларын жасаған 5-11 сынып оқушылары үшін іріктеу кезеңін өткізді. Аудандық және қалалық конкурстардың жеңімпаздары 2018 жылдың 6 желтоқсан күні Оқушылар сарайында «Bala business» облыстық конкурсына қатысты.

Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»
Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Президентская елкаЛетняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»

Бұл шараға қалалық және аудандық сайыстың жеңімпаздары қатысып, бақтарын сынады. Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Тереңкөл, Ертіс, Павлодар ауданы, Ақтоғай, Май және Баянауыл аудандарынан 59 жоба ұсынылған болатын. Шараның бұл кезеңінде қазылар алқасы 16 жеңімпазды анықтады.

Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»
Летняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday» Президентская елкаЛетняя школа юного бизнесмена «Bala business holiday»

2019 жылдың 13-14 маусым күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Bala business holiday» жас бизнесмендердің мектебі өтті. Оқыту бағдарламасында бизнес-тренерлердің және коучерлердің тренингтері, аймақтың алдыңғы қатардағы бизнесмендермен кездесулер қарастырылды.

Жас қатысушылар өз жобасының тұсаукесерін тиімді жасап және табысқа жету жолдары туралы Инновациялық Еуразия Университетінің психология ғылымының кандидаты, доцент Татьяна Кравцованың қызықты коучингінен зерделеді.

Инновациялық Еуразия Университетінің экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, декан, «Кәсіпкерлік университет» жобасының жетекшісі Зубираш Смагулова экономикалық стартап жобаларын құру құпияларымен бөлісті.

Жас бизнесмендер кәсіби фотограф, жарнама және полиграфия орталығының директоры Александр Пархоменкомен кездесті. Ол өз бизнесін қалай құру және алға қойған мақсатқа жету туралы баяндап берді.

Оқушылар сарайының педагогтері Евгения Леденева, Елена Мирзоян және Павел Сербиненко «Декупаж», «Плетение косичек», «Аква-грим», «Фотоманипуляция в Photoshop» атты оқушыларға қызықты шеберлік-сыныптар өткізді.

Оқулардан соң С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің стартап Академиясының мұражайына және Оқушылар сарайының обсерваториясы мен планетарийге экскурсия ұйымдастырылды.

-Менің студенттермен жұмыс істеу тәжірбием оқушыларға бизнес - жоспарларын әзірлеу бойынша тренинг өткізуге мүмкіндік берді. Бұл балалардың тың идеялары мен қызықты ойлары бар. Кішкентай жасына қарамастан олардың өз жоспарлары мен есептері өте керемет. Олардың жобалары біздің ұлттық дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтауға бағытталған. Ұлттық өнімдерді, ұлттық ою-өрнегі бар бұйымдарды өндіруге байланысты жобалар ерекше. Мысалы, "Хан талапай" жобасы қаржыландыруға дайын және үлкен сұранысқа ие болады. Барлық жобалар іске асырылғанын қалаймын, - деді Зубираш Смағұлова.

Жас бизнесмендер мектебінің барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.

Түсініктемелер қосу