Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12873575
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13822
4587
52248
12623686
192028
375712
12873575

Сіздің IP: 18.227.114.125
Уақыт: 2024-04-26 17:33:37

«Жас Ұлан» көшбасшылары актерлік шеберліктерін көрсете білді

Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан» Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан»
Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан» Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан»

24 сәуір күні Оқушылар сарайында «Жас Ұланның жеті қанаты» жобасын іске асыру мақсатында «Өз еліме арнау» облыстық театр конкурсының финалы өтті. 200-ден астам жасұландықтар мен жасқырандықтар өзінің актерлік шеберліктерін ортаға салды. Олар Ақтоғай, Ертіс, Успен және Теренкөл аудандарынан және Павлодар қаласының № №2, 20, 26, 28, 29, 41 мектептерінен және дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектебінен оқушылар болған еді.

Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан» Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан»
Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан» Актерское мастерство показали лидеры «Жас Ұлан»

Қатысушыларға сахынада актерлік шеберліктерін сомдау үшін көптеген тақырыптар ұсынылған болатын. Бірақ «Желтоқсан желі - 1986» және М.Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінен спектакльдер көп көрсетілді.

Бас жүлде мен кубокты Павлодар қаласының №2 мектебі жеңіп алды. Ал 1-ші орынды Ақтоғай ауданы, 2-ші орынды дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектебінен оқушылары жеңіп алса, 3-ші орынға Павлодар қаласының №29 мектебі жайғасты.

Павлодар қаласының №28 мектебінің оқушылары көрермендер көзайымы жүлдесін ұтып алды. «Үздік роль» номинациясы бойынша №2 мектептің Тина Алтынбекова және Данияр Жумажан, № 26 мектептен Роман Кисленко, Ақтоғай ауданынан Торехан және Еркемай Адамовалар марапатталды.

Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

 

Түсініктемелер қосу