Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22793579
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 278 7549 24772 22542439 7827 270568 22793579 Сіздің IP: 216.73.216.32
Уақыт: 2026-07-02 00:52:25
|
Оқушылар сарайындағы күзгі каникул
Күзгі каникул кезінде М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының оқушылары қонақта болды. Екібастұз қаласының №23 ЖОМ-нің және «Дизайн-Pro» өнер және шығармашылық мектебінің оқушылары, Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, Железин ЖОМ-нің, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің оқушылары астрономиялық бөлімде, планетариде, «Рухани жаңғыру» кабинетінде, «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында балалар технопаркінде, ақпараттық-диагностикалық бөлімде болды.
Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің 3-5 сыныптарының оқушылары қазақ халқының әйгілі ақыны, философ – гуманист, композитор Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби саяхатына қатысты. «Қайнар» балалар кешенінің медиа-орталығының жас тілшілері үшін Оқушылар сарайының педагогтары тележурналистика және балалар журналистикасы бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарды жүргізді. Балалар тек танымдық ақпарат алып қоймай, «Луч» шығармашылық бірлестігінің әріптестерімен танысты. Эстетикалық тәрбие беру бөлімінің педагогтары «Чудеса из глины», «Точечная роспись», «Батик», «Оттиск на ткани с применением восковых карандашей» атты шеберлік сыныптарды «Дизайн-Pro» өнер және шығармашылық мектебінің оқушылары үшін жүргізді. Оқушылар жаңа техникамен танысып, өздерінің қолөнері шығармашылық қоржындарын жаңа жұмыспен толықтырды. Қаламыздың ең кішкентай мектеп оқушылары үшін «Көңілді ойындар», ал жоғары сынып оқушылары үшін «Би өрімдері» өтті. Оқушылар сарайының «Калейдоскоп» театр студиясының әртістері үлкен сахынада «Принцесса» және «Пеппи длинный чулок» атты қойылымдарын көрсетті. «Жас Ұлан» көшбасшылары үшін «Денсаулық және мамандық таңдау» атты тренинг өтті. |














