Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12854827
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9264
19617
33500
12623686
173280
375712
12854827

Сіздің IP: 3.142.250.114
Уақыт: 2024-04-24 22:00:55

«Ғасырлар өтсе де, дауысынды естимін...»

«Твой голос слышу сквозь века…» «Твой голос слышу сквозь века…»
«Твой голос слышу сквозь века…» «Твой голос слышу сквозь века…»

2019 жылдың 13 қараша күні облыстық Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде қазақтың ұлы ақыны Естай Беркімбайұлының 145-жылдығына арналған әдеби-музыкалық қонақжай өтті. Бұл шараның қонақтары ақынның шөбересі, Екібастұз қаласының ақыны Райхан Абикеева, және оның қызы Аделия Қуаныш, Естай атындағы Мәдениет сарайының әдіскері Камат Абдернасирова болды.

Естай Беркімбайұлы – қазақ ақыны, әнші, композитор, Қазақ композиторлар одағының тұңғыш мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, көптеген әндер мен шығармалардың авторы.

Естайдың ақындығы мен табиғи дарыны Райхан шөбересінің бойына берілген екен (Естай өмірінің соңында Алмашы руынан шыққан қыз бала ақынның қабілетін өз бойына дариды деп жорыған).

Райхан Абикеева бұл кездесуде өзінің суырып салма, шешендік қабілетін көрсетіп, өлеңдерін оқып, Алматы қаласының кинематографистері түсірген бейнебаянға жазылған әнді көрсетті.

Аделия Қуаныш гитарада «Тарантелла» шығармасын орындады. Сонымен қатар Аделя анасымен бірге гитарада лирикалық әнді сыйлады.

Кездесуде Естай ақынның өмірі мен қатар ақынның Қорлан деген қызға махабаты жайлы айтылып, Қорлан туралы танымал әннің тарихы баяндалды. Қорлан әні тыңдалып болған соң, Естай ақынның тек қана жанұясына мәлім болған оқиғалар айтылды.

Бұл кездесуде ақынның есімі тек қана шығармаларында сақталып қоймай, сонымен қатар ақынның есімі көше атаулары мен музыка мектептеріне берілгендігі туралы сөз қозғалды. Жуырда Естай атындағы мәдениет сарайында ақынға арналған мұражай ашылған болатын. Мәдениет сарайының әдіскері Камат Абдернасирова бұл мұражайдың құрылуы және экспонаттары жайлы толық мағлұмат берді.

Жергілікті танымал ақын туралы Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері, павлодарлық №23, 43 мектептердің оқушылары ұйып тыңдады. Балалар баспасөз-орталығының жас тілшілері мен «Қаламгер» студиясының тілшілері кешке қатысқан қонақтардан өздерінің радиобағдарламасы үшін сұхбат алды.

- Біздің жанұямызда өскелең ұрпаққа атақты әнші атамыз туралы әңгімелер жиі айтылып отырады. Атамыздың көптеген ұрпақтары шығармашыл адамдарға айналды. Олардың ішінде журналист Амренов Фархат, театр және кино актрисасы Динара Абикеева. Қазір музыкант атанып жүрген Павлодар қаласының музыка мектебінің директоры Шәмшия Джагипарова, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті Аделия Қуаныш, «Бастау» танымал қазақстандық тобының мүшесі, Голливудтегі бас жүлденің иегері Темірлан Олжабаев, - деді Райхан Абикеева.

 

Түсініктемелер қосу