Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12860874
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1121
4587
39547
12623686
179327
375712
12860874

Сіздің IP: 3.149.251.154
Уақыт: 2024-04-26 03:52:49

Ұлы даланың ұландары

Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары
Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары

Ел Тәуелсіздігінің мерекесі алдыңда 11 желтоқсан күні Облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың ұландары» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру.

Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары
Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары

Сайысқа  Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-нен «Жасstar» тобы, №37 ЖОББМ-нен «Алау» тобы, № 35 мектептің «Болашақ» тобы қатысты.

Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша сұрақтарға жауап берді, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша білімдерін кеңейтті, ал «Сандар сөйлейді» кезеңінде егемен еліміздің тарихына, айтулы даталар бойынша сқрақтарға жауап берді. Сайысқа қатысушылар жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерделеп мерейтой иелерімен танысты. «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білімдерін көрсетті.

Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары
Ұлы даланың ұландары Ұлы даланың ұландары

Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №37 мектебінің оқушылары «Алау» тобы иеленді. Ал екінші орынды № 35 мектептің «Болашақ» тобы жеңсе, № 25 мектептің «Жасstar» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады.

- Сайыста оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерделеп, жергілікті ақын-жазушылардың, мерейтой иегерлерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу жасады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова.

Түсініктемелер қосу