Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811275
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
910
7542
31347
12574557
129728
375712
12811275

Сіздің IP: 3.142.196.27
Уақыт: 2024-04-20 03:28:05

Оқушылар сарайында «Ұлы дала ұлағаты» галереясының тұсауы кесілді

Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников
Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников

2019 жылдың 18 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» кабинетінің жалғасы болатын «Ұлы дала ұлағаты» галереясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Галереяда Еліміздің тарихы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының негізгі кезеңдері көрсетілген.

Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников
Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников

Іс-шараның құрметті қонақтары Павлодар облысының білім беру басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Гүлнәр Ибраева, «Нұр ана әлемі» ҚБ-нің төрайымы Бахытжамал Максилова, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Арман Қани, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнуллина, «Сарыарка самалы» облыстық газетінің тілшісі Тілеуберді Сахаба болды.

Оқушылар сарайының әдіскерлері Әсем Аипова мен Жаксыбек Ешимкулов қонақтар және тәрбиеленушілер үшін галерея бойынша алғаш экскурсияны жүргізді.

Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников
Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников

Галереяда Павлодар облысының петроглифтері, Орхон-енисей жазбалары, Ұлы жібек жолы бейнеленген. Сонымен қатар Қоркыт ата, Қожа Ахмет Яссауи, Домалақ ана, Жошы хан, Әбу Насыр Әль-Фарабидің суреттері және олардың кесенелерінің суреттері де бар.

Тәуке хан, Қасым хан, Есім ханның «Жеті жарғы» атты дала заңдардың жинағы қазақ қоғамының тарихи ұйымдастыруын көруге болады.

Қазақ-жоңғар шайқастары панорама арқылы терең тарихқа сыр шертеді. Абылай-хан, Олжабай батыр, Малайсары батыр, Жасыбай батырдың ерліктері де ерекше сипатталған.

Сырым Датұлының, Исатай Тайманұлының, Махамбет Өтемісұлының, Кенесары Қасымұлының және Жанқожа Нұрмұхамедұлының портреттері XVIII-XIX ғасырдағы болған ұлт-азаттық көтерілісті таныстырады.

Галереяның ең ауқымды бөлімі қазақтың зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы, алашордалықтарға арналады.

Ұлы Отан соғысының батырлары да бұл галереяның дәл төрінен орын алды. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлы, Талгат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Махмет Қаирбаев, Серікбай Муткенов және т.б.

Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников
Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников Открытие галереи «Ұлы дала ұлағаты» во Дворце школьников

XX ғасырда еліміздің дамуы Қазақстанның ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геолог Қаныш Сатбаевтың еңбектері арқылы көрсетілген. Бұл бөлімде Қаныш Сатбаевтың Қазақстанда тапқан пайдалы қазбалар картасы да бар.

Еліміздің ғарышкерлері Талгат Мұсабаев, Тоқтара Әубәкіров, Айдын Айымбетовтың портреттері және Байқонырдың суреті ғарыштың дамуы бөлімінде орын алған. 1986 жылғы Алматыдағы болған желтоқсан оқиғасы Ляззат Асанова, Ербола Спатаев, Сабиры Мухамеджанова, Қайрат Рысқұлбековтың суреттері айтып тұрғандай.

Заманауи тарих экспозициясында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жеке бейнелеген.

Галереяда барлық суреттер ұлы ойшылдардың нақыл сөздерімен өрнектелген. Оқу жылының ішінде Павлодар облысының мектеп оқушыларына галереяға экскурсиялар жүргізіледі.

- Бұл біздің еліміздің ешбір жерінде жоқ, бірегей галерея. Ел Тәуелсіздігінің мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғаны мені қатты қуантты. Бұл жерде Қазақстанның тарихын, еліміздің тарихи тұлғаларын білуге болады. Өскелең ұрпаққа өз Отанын сүйіп, тарихи мұраны сақтап, өз елінің салт-дәстүрін қадірлеуге шақырамын, - деді С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің профессоры. Айман Зейнуллина.

Түсініктемелер қосу