Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645855
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
748
17782
104804
12290016
340020
367470
12645855

Сіздің IP: 44.193.80.126
Уақыт: 2024-03-29 01:28:29

«Болашақ үшін Энергия және су» атты шағын жобалар байқауы

Конкурс мини-проектов «Энергия и вода для будущего» Конкурс мини-проектов «Энергия и вода для будущего»
Конкурс мини-проектов «Энергия и вода для будущего» Конкурс мини-проектов «Энергия и вода для будущего»
 

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2020 жылдың 1-30 сәуір аралығында «Eco boom» облыстық жобасы аясында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Болашақ үшін Энергия және су» атты шағын жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурс тәжрибелік энергияны және ресурс үнемдеу дағдыларын қалыптастыруға, бастаманы іске асыруға, еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеуге және жалпы мемлекеттік істердің шешіміне жеке қатысудың маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Аталмыш байқауға Павлодар және Ақсу қалалары, Аққулы, Павлодар, Железин, Май, Ақтоғай аудандары қатысқан болатын. Жалпы конкурсқа 60 жұмыс қабылданды.

Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жобалау жұмыстарын қорғаудың әртүрлі форматы ұсынылды. Олар: бейне, сурет, фотоколлаж, өлең, ән, эссе, мақала, мультфильм, комикс және т. б.

Байқау жұмыстарының негізгі тақырыптары «Үйдегі суды үнемдейміз» және «Энергияны сақтауға қол ұшынды бер!» деп алынды.

Аммри Әльтайырдың (Аққулы ауданы, С.Сатыбалдин ат.ЖОББМ), Айдана Серікбаеваның (Павлодар ауданы, Ефремов ЖОББМ), София Братинованың (Ақтоғай ауданы, М.Қайырбаев ат. ЖОМ), Потанин ЖОМ топтық жобалары (Аққулы ауданы), К.Камзин ат.ЖОМ (Ақсу қаласы) жұмыстарында энергияны және ресурс үнемдеу идеялары тамаша насихатталған.

Жобалардың әрқайсысы «Жасыл технологиялар» идеясын анық көрсетіп: табиғатты ұтымды пайдалану, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды сақтау және жаңарту болып табылады.

Конкурстың ең кішкентай қатысушыларының жұмыстары өте қызықты болды.

Конкурстың жеңімпаздары бола алмаған бірінші және екінші сынып оқушылары жеке жұмыстар жасаған. Коломиец Софья (Ямышев ЖОМ, Аққулы ауданы) «Қалдықтарды кірістерге айналдырайық» және «Мата құрақтарына екінші өмір берейік», Савченко Анфиса (Михайлов ЖОМ, Железин ауданы) - «Энергияны сақтауға қол ұшынды бер!», Королева Ангелина және Магзам Сабина (Ямышев ЖОМ, район Аққулы) - «Өсімдіктердің жасыл киімі» ағаштар мен бұталарды отырғызу, аумақтарды абаттандыру туралы.

Осындай шағын-жобалар конкурсын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Алдыңғы оқу жылында «Ертіс өзеніне-таза жағажай керек!», «Басқа адамға жылулық сыйла», «Пластик пакетеріне жол жоқ!», «Қоқыс революциясы», «ЭкоСумки» бизнес-жобасы және т.басқалары.

Конкурс қортындысы бойынша ең үздік атанған жұмыстар:

«Эссе» номинациясы бойынша
1 орын
Павлодар ауданы, Ефремовка ЖОМ, Қуатбекова Венера 10 «а» сынып
2 орын
Павлодар ауданы, Луганская ЖОМ, Воробьева Виктория 9 «б» сынып
3 орын
Павлодар ауданы, Луганская ЖОМ, Ерубаева Айгерим 10 «а» сынып

«Бейнеролик» номинациясы бойынша
1 орын
Аққулы ауданы, С.Сатыбалдин ат.ЖОМ, Аммри Альтаир
2 орын
Аққулы ауданы, Потанин ЖОМ
К.Камзин ЖМ, Аксу қаласы
3 орын
Аққулы ауданы, Малыбай ЖОМ
Павлодар ауданы, Ефремов ЖОМ, Серикбаева Айдана
Ақсу қаласы, №1 ЖОМ

«Сурет» номинациясы бойынша
1 орын
Ақтоғай ауданы, М.Қайырбаев ат. ЖОМ , Братинова София
2 орын
Ақтоғай ауданы, Мүткенов ОМ
Павлодар ауданы, Луганск ЖОМ, Ремель Яна
3 орын
Ақтоғай ауданы, М.Қайырбаев ат. ЖОМ, Е. Корнеев
Ақсу қаласы, К. Шүлембаев ат. ЖОМ
Ақтоғай ауданы, Приреченская ЖОМ, Абдреева Данеля.

Түсініктемелер қосу