Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17544513
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7542 10825 32071 17210852 464464 426494 17544513 Сіздің IP: 18.218.102.138
Уақыт: 2025-04-30 16:48:50
|
«Қаламгер» жас тілшілері «Қанат қағу» онлайн-фестиваліне қатысты
2020 жылдың 25 мамыр күні облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» баспасөз-орталығының жас тілшілері «Қанат кағу» жас тілшілерге арналған облыстық онлайн-лездемесіне қатысты. Аталмыш онлайн шараны «ZOOM» платформасында ИНЕУ-нің «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған болатын. Фестивальге балалар-жасөспірімдер газеттерінің, журналдар мен радио телебағдарламалардың өкілдері қатысқан болатын.
«Қаламгер» тәрбиеленушілері 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Халық радиосының 100.5 FM толқынында шығып келе жатқан «Жас тілші» радиобағдарламасын ұсынған болатын. «Жеңіске 75 қадам» атты Жеңістің мерейтойына арнайы жасалған радиохабар фестиваль ұйымдастырушыларының көңілінен шықты. Жас тілшілер фестиваль аясында «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Марал Айтмагамбетованың шеберлік-сабағына қатысты. Шеберлік-сабақта жас тілшілер интернет-БАҚ үшін жаңалықты қалай жазу керектігін біліп қана қоймай, сұрақтарға жауап беріп, өздері сұрақ қойып, практикалық тапсырмаларды орындады. Фестивальдің барлық қатысушылары дипломдарға қол жеткізіп, жетекшілері Әсем Аипова алғыс хатпен марапатталды. |