Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654825
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9718
17782
113774
12290016
348990
367470
12654825

Сіздің IP: 3.238.135.30
Уақыт: 2024-03-29 20:42:35

Жас блогерлер Ертістің Киелі жерлерін бейнелейді

Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров
Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров

«Ертістің киелі жерлеріне саяхат» облыстық жас блогерлер конкурсы өз мәресіне жетті. Аталмыш шара «Рухани жанғыру» бағдарламасы және «Қазақстанның сакралды географиясы» атты арнайы жобасын іске асыру мақсатында өткізілді. Конкурс 2021 жылдың қаңтар айының ішінде өтіп, жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары мен қосымща білім беру мекемелері арасынан 155 жұмыс қабылданды.

Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров
Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров

Жас суретшілер мен блогерлер Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің мешіті, Павлодар қаласындағы Благовещенск шіркеуі, «Жасыбай батыр» ескерткішін, Исабек Ишан кесенесін, Абдул Уахит Хазиреттің кесенесін, Сұлтанбек Сұлтанның үйін бейнелеген.

Қылқалам шеберлерінің бірқатар жұмыстары киелі Баянауыл еліндегі «Кемпіртас» және «Ақбет тау», «Қалмақырылған» мекені, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Жасыбай көлі, «Қоңыр әулие» үңгірі, «Аққараға» тауы, «Сарадыр» бұлағы, Далба тауының етегі, «Найзатас» тауы, «Алтын қыр» сақ қорғанына арналды.

Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров
Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров

- Балалар өздерінің авторлық суреттерін әр түрлі техникада жасады. Жас суретшілер байқаудың тақырыбын аша білді. Авторлардың жеке стилін, көркемдік шеберлігін, шығарманың өзіндік ерекшелігін атап өтуге болады, - деді байқаудың қазылар алқасының мүшесі, облыстық Оқушылар сарайының «Палитра» көркем студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева.

Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров
Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров Сакральное Прииртышье в рисунках юных блогеров

- Байқау балаларға өңіріміздің қасиетті жерлерін зерттеуге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, туған жерінің тарихына, Павлодар Ертіс өңірінің танымал тұлғаларының өмірін зерделеуге қызығушылықтарын оятуға көмектесті. Конкурсқа қатысқан үміткерлер Оқушылар сарайының ресми сайтында орналастырылған Павлодар облысының электронды киелі жерлер картасын пайдаланды, - деді байқаудың ұйымдастырушысы, әдіскер Әсем Аипова.

 

Скачать дипломы

Түсініктемелер қосу