Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811599
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1234
7542
31671
12574557
130052
375712
12811599

Сіздің IP: 3.144.212.145
Уақыт: 2024-04-20 04:51:51

«Мамандықтар әлемін ашамыз» форумы

Форум «Открываем мир профессий» Форум «Открываем мир профессий»
Форум «Открываем мир профессий» Форум «Открываем мир профессий»

24 ақпанда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Мамандықтар әлемін ашу» атты аймақтық форум өтті. Форум екі бөлімнен тұрды: біріншісі - номинациялар сайысы, екінші бөлімінде сұхбат форматында өткізілді.

Форумға Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің алдын-алу және адалдық бөлімінің бастығы Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы қатысты. Оқушыларға мамандық таңдауда нені ескеру керек екенін және адамның қандай қасиеттерге ие болатындығын егжей-тегжейлі айтып беріп, өз ісінде үздік болу үшін не істеу керектігін баяндады.

Форумның қонағы Кәкім Бәкіжан Берікұлы - SMM маманы, блогер, журналист, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Блог жүргізу және журналистика саласындағы білімімен бөлісті. ZOOM платформасындағы онлайн-форумға облыстың 100-ден астам оқушысы қатысты.

«Сұрақ-жауап мезгілі» бөлімінде қатысушылар шақырылған қонақтармен сөйлесті, сұрақтарына жауап алды.

Форум соңында ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысын шығарып, республикалық байқауға жолдама алған қатысушыларға сәттілік тіледі. Республикалық деңгейде біздің облыстың намысын келесі оқушылар қорғайды: Иманбекова Айым, (ОМЛИОД), Қабышкенов Даниял, Ерқұлова Сабина, (Павлодар қаласындағы №27 мектеп), Нүптеке Иманғали, (Екібастұз қаласы «Зерде») Болат Расул, Болат Мансур, (Ертіс ауданы), Жұмабеков Алишер (Ақтоғай ауданы).

Түсініктемелер қосу