Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653513
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8406
17782
112462
12290016
347678
367470
12653513

Сіздің IP: 44.222.92.134
Уақыт: 2024-03-29 17:24:11

XVІ «Жұлдызай» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі

Областной отборочный этап XVI международного фестиваля детского творчества «Жұлдызай» Областной отборочный этап XVI международного фестиваля детского творчества «Жұлдызай»
Областной отборочный этап XVI международного фестиваля детского творчества «Жұлдызай» Областной отборочный этап XVI международного фестиваля детского творчества «Жұлдызай»

2021 жылғы 30 наурызда М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жұлдызай» Халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі онлайн форматта өтті, оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар 75 бала қатысты.

Әділ қазылар алқасының мүшелері жас таланттардың өнерлерін аспапта орындау, ымдау, вокал, хореография бойынша төрт номинация арқылы бағалады.

Бүгінгі күні «Жұлдызай» жобасы – бұл баланың жеке тұлға ретінде дамыту, оны тұрақты қазақстандық қоғамға кіріктіру бойынша бірлескен қоғамдық нәтижелі жұмыс. Жыл сайынғы «Жұлдызай» республикалық балалар фестивалінде өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін көп еңбек ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылықта, музыкада өз өнерлерін көрсетуге керемет мүмкіндікке ие.

Фестиваль ережесіне сәйкес облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша екі жас ерекшелік тобында барлық номинациялар бойынша 1-орын алған қатысушылар фестивальдің халықаралық кезеңіне қатысуға үміткер болады.

Қазылар алқасы бірауыздан фестиваль қатысушыларының сапалы өнерін атап өтті. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша кіші топта келесі орындар берілді: «Вокал» номинациясы бойынша 1-орын - Екібастұз қаласының №6 арнайы мектебінің оқушысы Жігер Нұрқанат, 2-орын – Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Серікқанұлы Мұхаметәлі, 3-орын – №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары Юрочко Анастасия және Яницкая Валентина, «Хореография» номинациясында 1-орын - №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары, 2-орын – №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары, 3-орын – Екібастұз қаласының №6 арнайы мектебініңоқушылары, аспаптық орындау бойынша 1-орын - №7 арнайы мектеп-интернатыныңоқушысы Еременко Константин,«Ым - ишарат әні» номинациясында 1-орын - №1арнайы мектеп-интернатыныңдуэті. Сондай-ақ, қазылар алқасының мүшелері «Хореография» номинациясы бойынша №4 арнайы мектеп-интернатының «Карусель» хореографиялық ұжымына бас жүлде берді.

Ересектер тобында бірінші орындарды иеленіп, фестивальдің халықаралық кезеңіне «Вокал» номинациясы бойынша Павлодар қаласының №32 ЖОМ оқушысы Кыпшаков Әділхан,«Ым-ишарат әні» номинациясында №1арнайы мектеп-интернатының дуэті жолдама алды. «Хореография» номинациясы бойынша 1-орынды Екібастұз қаласының №6 арнайы мектебінің оқушылары, 2-орынды №1арнайы мектеп-интернатыныңоқушылары, 3-орынды Песчаное ауылының№2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары иеленді.

Түсініктемелер қосу