Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12810262
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7439
5749
30334
12574557
128715
375712
12810262

Сіздің IP: 3.17.6.75
Уақыт: 2024-04-19 23:40:41

Елімізде алғаш рет «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Открылся первый в Республике проектный офис «Тәрбие алаңы» Открылся первый в Республике проектный офис «Тәрбие алаңы»
Открылся первый в Республике проектный офис «Тәрбие алаңы» Открылся первый в Республике проектный офис «Тәрбие алаңы»

2 сәуірде Павлодар облысы білім басқармасының "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтті. Оның қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен отбасыларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ оларды әлеуметтік-түзету оңалту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Кездесу барысында облыс департаменттері мен басқармаларының жаңа жобалық кеңсемен өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

Денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, туризм және спортты дамыту басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, полиция департаменті, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы "Тәрбие алаңы"жобалық кеңсесімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жаңа бөлімше ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, медициналық патронаж, ата-аналарды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды шешуге көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, мамандар отбасындағы психологиялық, физикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардағы мазасыздықты анықтауға бағытталған оқушыларды диагностикалаумен айналысады. Жобалық кеңсе директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, сондай-ақ сынып жетекшілерімен өзара қызмет жасайтын болады.

«Тәрбие алаңы» жобалық кеңесі М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында, № 104 кабинетте орналасқан.

Байланысу үшін: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 8(7182)326907, +77054824503

Түсініктемелер қосу