Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650694
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5587
17782
109643
12290016
344859
367470
12650694

Сіздің IP: 34.228.40.212
Уақыт: 2024-03-29 11:32:04

«ЖАС ҚАЛАМ – 2013» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Областной фестиваль юных журналистов Павлодарской области «Жас қалам - 2013»

2013 жылдың 29 қарашасында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының негізінде Бірінші Президент күніне арналған жас журналистердің «Жас қалам» облыстық фестивалі өтті. Фестивальдің ұйымдастырушылыры - Детский пресс-центр (Вайберт Е.В., Кибатова С.Б.). Іс-шараға 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, балалар мен жасөспірімдер газеттерінің, журналдар мен альманахтардың, радио мен телебағдарламалар редакцияларының өкілдері, «Сенің әлемің-Твой мир» газетінің белсенді авторлары мен журналистикаға қабілеті бар оқушылар қатысты.

Фестиваль мемлекеттік және орыс тілінде өткізілген дөңгелек үстелмен басталды. «Біздің де айтарымыз» бар деп аталған фестивальдің бұл беташарында Павлодар облысының балалар мен жасөспірімдерге арналған бұқаралық ақпарат құралдары мен жас журналистер бір-бірімен танысты. Тілшілер өздерінің жетістіктері, проблемалары мен болашақ жоспарлары туралы айтты.

Областной фестиваль юных журналистов Павлодарской области «Жас қалам - 2013»

Фестивальға қатысушылар Облыстық радиоға, «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис» телекомпанияларына, «Баспа үйі» типографиясына экскурсияға барды. Ал «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің редакциясында жас журналистерге шебер-сыныптар өткізілді. Оқышылар сарайының негізінде де «Тв-журналистика» (жетекшісі Даирбаев Д.Б., «Луч» телестудиясы), «Фотожурналистика» (жетекшісі Гречанова В.О., «Объектив» үйірмесі), «Сен журфакқа түсе қалсаң» (жетекшісі: ИнЕУ журналистика кафедрасының аға оқытушылары Кильдибекова Б.Е., Копцева В.А.), «Жарнама және PR» (жетекшісі Виталий Середин, «Фриланс» жарнама агенттігінің директоры) шебер-сыныптары ұйымдастырылды.
Фестивальға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан, Май, Ақтоғай, Қашыр, Баянауыл, Успен аудандары мен Оқушылар сарайының 4 үйірмесінен барлығы109 адам қатысты.

Областной фестиваль юных журналистов Павлодарской области «Жас қалам - 2013»

Іс-шара соңынан барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу