Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12860108
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
355
4587
38781
12623686
178561
375712
12860108

Сіздің IP: 18.222.117.109
Уақыт: 2024-04-26 01:14:24

Чернобыль атом электр станциясында болған апатқа қатысушысымен онлайн кездесу

Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС
Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС

2021 жылдың 23 сәуір күні Оқушылар сарайында Чернобыль атом электр станциясында болған апаттың 35-жыл толуына орай «Союз Чернобыль» Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы,1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушысы Деймунд Виктор Георгиевичпен онлайн кездесу өтті.

Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС
Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС Онлайн – встреча с участником аварии на Чернобыльской АЭС

ZOOM платформасында өткен кездесуге 100-ден аса адам жиналды. Бұл Павлодар облысы мен қаласының оқушылары және М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері.

Балалар «Чернобыль! Как это было?» атты фильммен танысып, Чернобыль атом станциясында болған апат туралы слайд презентациядан білді.

Виктор Георгиевич балаларға 1986 жылы 26 сәуірде түнде адамзат өркениетінің бүкіл өміріндегі ең үлкен техногендік апат - Чернобыль атом электр станциясындағы болған қайғылы оқиға туралы әңгімелеп берді. Оқушылар трагедияның ауқымы, радиацияның салдарынан пайда болатын түрлі аурулар, экологиялық апаттың кесірі, радиациялық ластанумен күресу шаралары туралы білді.

Сонымен қатар Виктор Георгиевич Чернобыльдің маңында орналасқан Мозырь қаласына офицерлермен бірге барғаны жайлы айтты. Бұл қалада Кеңес одағының батыры, қазіргі таңда Оқушылар сарайының есімі берілген Михаил Максимович Катаевтың жерленгенін атап өтті. Олар жерлесіміздің ерлігі туралы жазылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.

- Балалар, денсаулықтарың мықты болсын, оқуда озат болыңдар, жақсы оқыңдар, спортпен айналысып, Отанды сүйіңдер! Чернобыль атом электр станциясындағы апат сияқты қорқынышты оқиғалардан сендерді сақтасын, - деді кездесудің қонағы Виктор Георгиевич Деймунд.

Онлайн кездесуді әдіскер Әсем Аипова ұйымдастырды.

Түсініктемелер қосу