Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646470
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1363
17782
105419
12290016
340635
367470
12646470

Сіздің IP: 44.200.23.133
Уақыт: 2024-03-29 02:45:29

Ертіс-Кереку өңірінің жас блогерлері сакралды географияны зерделейді

Блогеры Прииртышья изучают сакральную географию Блогеры Прииртышья изучают сакральную географию
Блогеры Прииртышья изучают сакральную географию Блогеры Прииртышья изучают сакральную географию

«Ертістің киелі жерлеріне саяхат» облыстық жас блогерлер конкурсы өз мәресіне жетті. Аталмыш шара «Рухани жанғыру» бағдарламасы және «Қазақстанның сакралды географиясы» атты арнайы жобасын іске асыру мақсатында өткізілген болатын. Оқу жылы ішінде аталмыш конкурс «Селфи», «Сурет», «Жас блогер» номинациялары бойынша өтті.

2021 жылдың сәуір айында «Жас блогер» номинациясы бойынша облыс оқушыларынан 50 жұмыс қабылданды.

Қазылар алқасының құрамында «Білім-лайф» каналының тілшісі, блогер, ақын Кәкім Бәкіжан Берікұлы, Нұр-Сұлтан қаласының «Black&White» медиакомпаниясының атқарушы продюсері Адина Хамар болды.

Жас блогерлер өз аймақтарының киелі орындары туралы бейнеролик түсіріп, Павлодар облысының киелі жерлеріне барған саяхаттары туралы өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, Ертіс-Кереку елінің қасиетті жеріне баратын басқа саяхатшыларға арналған кеңестерді берді.

Жас блогерлер өз бейне блогтарында Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің мешіті, «Жасыбай батыр» ескерткішін, Исабек Ишан кесенесін, Абдул Уахит Хазиреттің кесенесін, Сұлтанбек Сұлтанның үйі туралы мол ақпарат берген болатын. Өңіріміздің блогерлері бірқатар жұмыстарын киелі Баянауыл еліндегі «Кемпіртас» және «Ақбет тау», «Қалмақырылған» мекені, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Жасыбай көлі, Маралды көлі, «Қоңыр әулие» үңгірлеріне арнады.

- Бұл конкурс арқылы мектеп оқушылары шығармашылық әлеуетін ашып, тақырыптық блогтар құру дағдысы қалыптасады. Болашақта медиа саласының тұлғалары өсіп келе жатқаны мені қатты қуантады, сонымен қатар оқушылар камерадан қорықпай, монтажды керемет жасаған, - деді қазылар алқасының төрағасы Кәкім Бәкіжан.

- Балалар Ертіс-Кереку өңірінің қасиетті нысандары туралы әңгімелеуге, осы орындарды ақ қағаз бетіне бейнелеп сурет салуға, бейнежазба түсіруге бар ынта-жігерімен кірісті. Біздің жоба балаларға қасиетті жерлерді зерттеуге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, туған өлкенің тарихына, аймақтың танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына қызығушылықтарын оятуға көмектесті. Жобамыздың ең кішкентай, бастауыш сынып оқушыларының жұмыстары ерекше болды. Барлық қатысушыларға және олардың жетекшілеріне байқауға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз, - деді жоба ұйымдастырушысы, әдіскер Әсем Аипова.

Жас блогерлердің жұмыстарын @metodotdeldsh инстаграм парақшасынан көре аласыздар!

 

Дипломдарды жүктеу

Түсініктемелер қосу