Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20510994
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6339 12893 83697 20170934 278672 381361 20510994 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-21 12:31:49
|
«Менің кіші Отаным» конкурсының қортындысы
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Баянауыл ауылының құрылғанына 195-жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын өтетін дәстүрлі «Менің кіші Отаным» облыстық конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурстың бірінші кезеңінде облысымыз 22 мектебінен 115 оқушы бақтарын сынады. 2021 жылдың 13 мамыр күні онлайн форматта іріктеу кезеңінің облыстық сайысында 18 мектептен 90 жеңімпаз қатысты. Презентациялар мен бейнероликтерді Г.Н.Потанин ат. Павлодарлық тарих-өлкетану мұражайның бөлім меңгерушісі Опабекова Динара Карибаевна, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша бөлімінің мамандары Қабен Қымбат Нұрланқызы және Қабыкен Данара Нұрболатқызы бағалады. Әр команда «Баянауылға арнау» өздерін таныстыру – үгіт бригадасын көрсете білді. Кейін командалар келесі бағыттар бойынша өз жобаларын қорғады: Баянауылдың атақты адамдары мен өлкенің тарихын білуге арналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты зияткерлік сайысында қатысушылар өз білімдерін ортаға салды. 2021 жылдың 17 мамыр күні конкурс қортындысы шықты. Конкурсқа белсенді қатысқан оқушылар сертификаттармен марапатталады. |














