Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12856854
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1688
9603
35527
12623686
175307
375712
12856854

Сіздің IP: 18.221.187.121
Уақыт: 2024-04-25 10:08:10

Ы.Алтынсариннің 180 жылына арналған «Ұлы даланың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш

Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы» Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы»
Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы» Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы»

 2021 жылдың 8 қазан күні Оқушылар сарайында қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылына арналған «Ұлы даланың ұлы ұстазы» атты әдеби онлайн кеш өтті.

Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы» Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы» 

Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы» Литературный вечер «Ұлы даланың ұлы ұстазы»

Іс-шараны ұйымдастырған «Қаламгер» баспасөз-орталығының тілшілері және олардың жетекшілері Әсем Аипова. Аталмыш ZOOM платформасына Павлодар облысының және қала және аудандарының мектептерінің оқушылары байланысқа шықты.
Поэзия кешінің құрметті қонақтары Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернатының қазақ тілі пәнінің ұстазы Нұрбек Майданұлы және Б.Момышұлы атындағы мектептің ұстазы Айнаш Акатаева болды.
Іс-шара Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы деректі фильмнен басталды. Балалар бейнефильмнен ақынның өмірі және балалық шағынан қызықты деректерді біліп, Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында алғаш рет балаларға сабақ жүргізген туралы көріп білді.
Нұрбек Майданұлы танымдық әңгімесінен оқушылар Ыбырай Алтынсарин жайлы қызықты деректерге қанық болды.
Ы.Алтынсарин өзінің мақал-мәтелдер жинағында айтқандай, әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді. Кеш соныңда «Қаламгер» тілшілері ақынның «Кел балалар, оқылық», «Бұл кім?», «Өнер-білім бар жұрттар», «Қарға мен түлкі», «Жаз» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
-Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда ерлікке шақырды, - деді іс-шара
ұйымдастырушысы Әсем Аипова.
Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. Оның шын аты-Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин - қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклортанушы және қоғам қайраткері. Оның шын есімі - Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда Затобольский облысында, қазіргі Қостанай облысында туған.
Ы. Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы білімге құштарлық танытады», - деп жазды ол. Тұңғыш қазақ ұстазы Ыбырай Алтынсарин екі негізгі мақсат қойды: біріншісі - мектеп ашу, балаларды оқыту және жалпы халықты ағарту; екіншісі - жаңа білімді игеруге бағытталған тәрбие жұмысы. Ыбырай Алтынсарин - қазақтың алғашқы оқулықтарының авторы, ертегілер мен әңгімелердің, сондай -ақ Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың аудармаларының авторы.

Түсініктемелер қосу