Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12810043
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7220
5749
30115
12574557
128496
375712
12810043

Сіздің IP: 3.19.56.45
Уақыт: 2024-04-19 22:50:37

Оқушылар сарайында «Баянаул тарихи мұра» атты онлайн сайыс өтті

Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра» Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра»
Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра» Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра»

2021 жылдың 3 қараша күні Облыстық Оқушылар сарайында «Баянаул тарихи мұра»  атты онлайн зияткерлік сайысы өткізілді.  Павлодарлық оқушылар үшін күзгі каникул кезінде өткен сайыс Баянауыл ауданының құрылғанына 195 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру, туған халқына, Отанына, деген құрмет сезімін қалыптастыру, Баянауыл жерінің тарихы және киелі жерлердің аңыздарды білу.

Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра» Во Дворце школьников прошла онлайн игра «Баянаул тарихи мұра» 

 

Сайысқа Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының 8 «б» сыныбы, Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «а» сыныбы, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс бес кезеңді қамтыды. Сайыстың бірінші «Бәйге» кезеңінде Баянаул елінің шығу тарихы, ақын-жазушылары, батырлары, Баянауыл сыртқы округі жайлы сұрақтарға жауап берілді. Екінші кезеңінде Баянауыл жерінде орналасқан «Сабындыкөл», «Торайғыр», «Жасыбай» көлдері жайлы, «Ақбеттау», Торайғыр көліне сән беріп турған кербез Сәкен шыңы туралы сұрақтарға қатысушылар жарыса жауап берді. «Баянауыл аңызға толы мекен» атты сайыстың үшінші кезеңінде «Баянауыл елі», «Кемпіртас», «Ақбеттау» туралы аңыздарды оқушылар баяндады. Баянауыл – әулиелер мен ғұламалар көп шыққан киелі мекен. Сайыстың төртінші кезеңінде Баянауыл жерінен шыққан ақын, жазушылар, актерлер туралы сұрақтарға жауап берілді. Командалар С. Торайғыровтың, М.Ж Көпеевтің, Ш.Аймановтың шығармаларынан үзінділер оқыды. Сайыстың соңғы кезеңінде қатысушылар С.Торайғыровтың жеті атасы туралы, Шәкен Аймановтың сүйікті әндері жайлы, Қ.Сатбаевтың балалық шағы туралы бейне сұрақтарға тамаша жауап берді. Бейне сұрақтарды оқушыларға арнайы дайындаған С.Торайғыров атындағы меомориалдық мұражайының басшысы Меңсұлу Нұрбаева, Шакен Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих және география мұғалімі Ержан Рахимтаев, Ертіс-Кереку елінің жас ақыны Бәкіжан Кәкім болған еді.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, екінші орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернаты мен Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бөліп алды.
- Баянауыл – киесі мен иесі бар, табиғаты тамаша құт мекен. Әулиелер мен ғұламалар туралы аңызы көп мекен. Тау тастары мен өзен-көлдері ғажайыпқа толы мекен. Бүгін біздің сайысымызда оқушылар Баянауыл жерінің тарихымен танысып, аңыздарын айтып жарысты. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова.

Түсініктемелер қосу