Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24255464
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 23388 15996 72885 23896833 39384 527623 24255464 Сіздің IP: 216.73.217.60
Уақыт: 2026-10-02 17:28:53
|
Оқушылар сарайы қонақтарды қарсы алды
2021 жылдың 4 қарашада М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайына Алматы облысы Білім басқармасының денешынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мөлдір Құрманалиева іс-сапармен келді. Мөлдір Ахметжанқызы Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Қарағанды облыстарына тәжірибемен алмасу мақсатында келген болатын.
Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген білім беру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарымен таныстырып, қонақтарды жұмыстың жаңа бағыттарымен, балалар технопаркімен таныстырды. Оқушылар сарайында робототехника зертханасы, астролаборатория, 3D модельдеу зертханасы, телестудия, стартап академиясы, ІТ сыныптары жұмыс істейді. Қонақтар «Biogreen» жасыл технологиялар кабинетіне ерекше назарын аударды. |














