Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21637238
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2886 9406 42453 21358977 132410 430355 21637238 Сіздің IP: 216.73.216.114
Уақыт: 2026-03-13 06:42:57
|
Оқушылар сарайы қонақтарды қарсы алды
2021 жылдың 4 қарашада М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайына Алматы облысы Білім басқармасының денешынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мөлдір Құрманалиева іс-сапармен келді. Мөлдір Ахметжанқызы Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Қарағанды облыстарына тәжірибемен алмасу мақсатында келген болатын.
Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген білім беру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарымен таныстырып, қонақтарды жұмыстың жаңа бағыттарымен, балалар технопаркімен таныстырды. Оқушылар сарайында робототехника зертханасы, астролаборатория, 3D модельдеу зертханасы, телестудия, стартап академиясы, ІТ сыныптары жұмыс істейді. Қонақтар «Biogreen» жасыл технологиялар кабинетіне ерекше назарын аударды. |














