Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12858566
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3400
9603
37239
12623686
177019
375712
12858566

Сіздің IP: 18.117.196.217
Уақыт: 2024-04-25 17:43:23

Әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған оқыту семинары

Әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған оқыту семинары

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2013 жылдың 27 қарашасы күні әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Заманауи нәтижелі білім беру технологиялары мен әдістемелерді енгізу арқылы Павлодар облысы қосымша білім беру педагогтерінің кәсіптік біліктілік деңгейін көтеру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар тақырыбы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ психология кафедрасының доценті, педагогикалық ғылымдардың кандидаты Коровайка И.В. сөз сөйледі. Өзінің тәжірибесімен Ақсу қаласы Балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастырушы-педагогі Пащенко О.В., Оқушылар сарайы ғылым және техника бөлімінің меңгерушісі Жумажанова А.А., Оқушылар сарайы «Компьютерлік технологиялар» үйірмесінің жетекшісі Гуринов С.А., Оқушылар сарайының Детский пресс-центр жетекшісі Вайберт Е.В., Оқушылар сарайы әдіскері Шакиримова В.С. бөлісті.

Әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған оқыту семинары

Семинар барысында екі секция жұмыс істеді: «Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» акционерлік қоғамы филиалының аға оқытушысы Ворфоломеева И.П. жетекшілк еткен «Қосымша білім беру педагогтерінің инновациялық іс-әрекетке тренингтік психологиялық дайындығы» секциясы мен Оқушылар сарайының әдіскері Хуако В.Г. жетекшілік еткен «Оқыту және тәрбие беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялар» секциясы.

Семинарға құрамының басым бөлігі облыстың жас педагогтерінен тұратын 37 адам қатысты (Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты, Павлодар, Успен аудандары).

Қатысушылар өз пікірлерін рефлексия бөлімінде жазбаша түрде білдірді. Іс-шараны «өте жақсы» деп бағалады. Кейінен өз жұмыстарын әдістемелік кабинетте жалғастырып, қызықтыратын сұрақтары бойынша кеңестер мен қажетті әдістемелік материалдар алды.

 

Түсініктемелер қосу