Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12806004
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3181
5749
26076
12574557
124457
375712
12806004

Сіздің IP: 18.188.44.223
Уақыт: 2024-04-19 09:03:36

«Баянауыл тауларының аңыздары» онлайн экскурсиясы

Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор» Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор»
Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор» Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор»

2021 жылдың қазан айында М. Катаев атындағы Оқушылар  сарайы және  «Bilim Life» жастар YouTube каналы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының оқушылары үшін киелі «Баянауыл тауларының аңыздары» атты онлайн-экскурсия ұйымдастырды.

Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор» Онлайн экскурсия «Легенды Баянаульских гор» 

Баянауыл – сан ғасырлық тарихы бар, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлке. Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті.
Оқушылар экскурсияны тамашалай отырып, Баянауылдың «Ақбеттау», «Найзатас», «Жұмбақтас», «Сәкен шыңы», «Жеті ағайын», «Көгершін», «Кемпіртас» таулары және «Қоңыр әулие» үңгірі туралы аңыз-әңгімелерді тамашалайды. Онлайн-экскурсияға еліміздің атақты өлкетанушысы Алтынбек Құрманов, С.Торайғыров атындағы меомориалдық мұражайының басшысы Меңсұлу Нұрбаева, Шакен Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих және география мұғалімі Ержан Рахимтаев, Ертіс-Кереку елінің жас ақыны Бәкіжан Кәкім қатысты. Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Бақтияр Даниялов, Елдана Ержан, Аңсар Айдарбеков онлайн-экскурсияның жүргізушілері болды.
- Киелі Баянауыл жерінің сайы мен қыры, тауы мен тасы, терең тарихтан сыр шертеді. Осындай тамаша табиғаттың сырын, оның аңыз-әңгімелерін жас ұрпақ білу тиіс. Павлодар облысының оқушыларына арналған бұл біздің екінші экскурсиямыз. Біріншісі «Баянауылдың рухани мұрасы» деп аталған еді. Бұл жерде біз Баянауыл ауданының мұражайлары туралы айтқан болатынбыз, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, жобаның авторы Әсем Аипова.

https://youtu.be/1msEZH_5yaQ

 

Түсініктемелер қосу