Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644018
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
16693
29268
102967
12290016
338183
367470
12644018

Сіздің IP: 34.204.177.148
Уақыт: 2024-03-28 21:58:52

Оқушылар сарайында Ахмет Байтұрсыновтың 150 – жылдығы аталып өтілді

 

Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова
Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова

2022 жылдың 2 ақпан күні Оқушылар сарайында Ахмет Байтұрсыновтың 150 - жылдығына арналған «Ұлттың рухани ұстазы» атты танымдық кеші өтті.

Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова Во Дворце школьников отметили 150-летие Ахмета Байтурсынова 

 

2022 жылдың 5 қыркүйегінде Елімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту жоспарланып отыр.
Іс-шараны ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қаламгер» баспасөз-орталығының тілшілері және олардың жетекшілері Әсем Аипова. Аталмыш ZOOM платформасына Павлодар облысының және қала және аудандарының мектептерінің оқушылары байланысқа шықты.
Танымдық кеш басталмас бұрын әдіскер Асем Аипова оқушыларға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және шығармашылығы жайлы презентацияны көрсетті.
Кештің құрметті қонағы  Алматы қаласы,  Ахмет Байтұрсынұлы Музей - үйі меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті  Райхан Сахыбекқызы Имаханбет болды.
Райхан Сахыбекқызы Ертіс-Кереку өңірінің оқушылары үшін Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы Музей – үйі бойынша онлайн-экскурсия жасады.
Райхан Сахыбекқызы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушы, ғалым, ақын, аудармашы, көсемсөзші екенің айтып өтті.  Ақынның өмір және еңбек жолын әңгімелеп, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш етті. Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсаты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап - танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен түңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор, - деді Райхан Сахыбекқызы.
Кеш қонағы ақынның жеке киімдерін, жеке заттарын оқушыларға көрсетіп, таңқалдырды. Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Музей – үйіне онлайн саяхат оқушылардың көңілінен шықты. Бұл шараның басты мақсаты қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Кеш соныңда оқушылар ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Оқушылармен кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылды. «Қаламгер» тілшісі Камила Бейсембай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушы ұстаздар шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.
-Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек, - деді іс-шара ұйымдастырушысы Әсем Аипова.

1872 жылдың 5 қыркүйек күні -  Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов  Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген.
Айта кетсек, 2017 жылы Елімізде  5 қыркүйек күні, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.

 

Түсініктемелер қосу