Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647040
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1933
17782
105989
12290016
341205
367470
12647040

Сіздің IP: 44.212.39.149
Уақыт: 2024-03-29 04:06:29

Мұхтар Ауэзов шығармашылығы әлем тіліндерінде

Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира
Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира

2022 жылдың 20 мамыр күні Оқушылар сарайында «Мұхтар Ауэзов шығармашылығы  әлем тіліндерінде» атты танымал жазушының 125-жылдығына арналған әдеби сағат өтті.

Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира Мухтар Ауэзов - Созвучие на языках мира 

 

Қазақ жазушысы, драматург, ғалымның мерейтойы 2022 жылдың 28 қыркүйек күні аталып өтеді. Талантты жұлдыз Мұхтар Әуезов – Қазақстан мен Орталық Азияның жазушылары, ақындары мен ғалымдары шоқжұлдызының ең жарқын жұлдызы. Бұл  күнгі іс-шараның қонақтары Павлодар қаласы М.Әуезов ат. ЖОМ-нің 8 сынып оқушылары және олардың сынып жетекшілері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы  Омарова Лаура Серікқызы болды.
Бұл кеш журналист Мая Бекбаеваның «Тайны. Судьбы. Имена» атты деректі фильмнің тамашалауымен басталды.
Бейнематериалдан оқушылар жазушының өмірі жайлы қызық ақпаратқа қанық болды. Ұйымдастырушы, әдіскер Әсем Аипова жазушының балалық шағы мен шығармашылығына тоқталды.  Лаура Сериковна Павлодар қаласы М.Әуезов ат. ЖОМ-де орналасқан мектептің мұражайы туралы онлайн саяхат жасады.
Кітап көрмесінде М.Әуезовтың «Абай жолы», «Көксерек»,
«Племя младое» атты кітаптары болды. «Танымал адамдардың өмірі» жайлы Мұхтар Әуезовтың кітабына оқушылар ерекше назар аударды. Кеш соныңда оқушылар М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтардан құралған викторинаға оқушылар жауап беріп, «Ұлы дала Ұлағаты» галереясына экскурсияға қатысты.
-Оның өлмес көркем туындылары ғасырларды жалғап, ұрпаққа қуат, шабыт береді. Оқушылар бүгін жазушының мерейтойы қарсаңында қазақ әдебиетінің классигі өмірімен, шығармашылығымен танысты,- деді Асем Аипова.
Қазақ әдебиетінің болашақ шебері 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) қазақша «Қасқыр» дегенді білдіретін Бөрілі қаласында дүниеге келген. Қазір мұнда мұражай мен «Мұхтар Әуезов осында дүниеге келген» деген жазуы бар стела бар. Ақынның өмірі Абай Құнанбаевтың тұлғасымен тығыз байланысты. Балалық шағында ол ұлы ақынмен алыс туысқан болғандықтан оны бірнеше рет көрді. Атасы Әуез Абайдың жақын досы, әрі оның өлеңдері бойынша немересін оқуға, жазуға үйреткен.
Осылайша болашақ жазушының өмірінің негізгі тақырыбы басталды.

 

Түсініктемелер қосу