Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17658287
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 64 14147 69937 17356200 109766 468472 17658287 Сіздің IP: 18.116.47.33
Уақыт: 2025-05-10 00:05:52
|
Жаңа жылдық өрнектер
2014 жылдың 6 қаңтарында Оқушылар сарайы негізінде қала мектептері оқушыларының қатысуымен «Заманауи балалар қозғалысы – үлкендер мен балалар ынтымақтастығы формуласы» атты Ашық есік күндері өткізілді. 15 шығармашылық алаң жұмыс істеді: «Могу ли я быть лидером?» гайд – паркі; Варя Даирбаева, Игорь Неустроев және Александр Межуев секілді Павлодарлық ақындармен кездесу түрінде ұйымдастырылған «Живое слово» әдеби кеші; «Литературное лото» зияткерлік ойыны; «Көшбасшылық» белсенді балалар мектебі; «Тразегор» еліне саяхат; «Слова, которые ранят» ұжымдық әрекеттестік тренингі; «Угадай мелодию» музыкалық-танымдық ойыны. Кездесуге қатысушылар өздерінің қабілеттері мен таланттарын мектеп редколлегияларына арналған «Қызықты журналистика», «Техника рисования светом», «Телевидение глазами детей» атты шебер-сыныптары мен хореографиялық өнер бойынша «Движение – это жизнь», хор өнері дағдыларын дамыту бойынша «Әсем әуен», қолданбалы өнер бойынша «Новогодние сувениры», шаш сәндеу бойынша «Ажурные чудеса» шебер-сыныптарында көрсете алды.
Шығармашылық алаңдар жұмысы «Жаңа жылдық өрнектер» атты мерекелік концертпен аяқталды. Оқушылар сарайының ән және би ұжымдарының талантты шәкірттері көрермендерге өз өнерлерін танытты. Кездесуге №№1,6,7,11,14,16,38,42 мектеп оқушылары қатысты. |