Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12798136
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1062
6835
18208
12574557
116589
375712
12798136

Сіздің IP: 18.188.61.223
Уақыт: 2024-04-18 05:12:26

Жас археологтардың алғашқы экспедициясы

 

Первая экспедиция юных археологов Первая экспедиция юных археологов
Первая экспедиция юных археологов Первая экспедиция юных археологов

М.М. Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының археология мектебінің тәрбиеленушілері Аққулы ауданына қарасты Бөрілі көлінің жағалауында жүріп жатқан археологиялық қазбалар жұмысына алғаш рет қатысып келді.

 

Первая экспедиция юных археологов Первая экспедиция юных археологов 

Первая экспедиция юных археологов Первая экспедиция юных археологов

Первая экспедиция юных археологов Первая экспедиция юных археологов

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы 2022 жылдың наурыз айында «Торайғыров университеті» КЕАҚ мен бірлесіп археология-өлкетану бағытын дамыту үшін археология мектебін ашқан болатын.
«Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы филиалының директоры, С.Торайғыров атындағы ПМУ тарих ғылымдарының кандидаты Мерц Виктор Карловичтің басшылығымен және «Археология, этнология және музеология кафедрасының» 1 курс студенттері, Оқушылар сарайының археология мектебінің жас археологтарының қатысуымен көне заман мен орта ғасырлардан қалған мәдениет ескерткіштерін, жан-жануарлардың сүйектерін қазу, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  
Экспедиция қатысушылары Бөрілі көлінің жағасындағы жерлеу-салттық кешендерді зерттеп, археологиялық ескерткіштердің мәдени қатыстылығы мен хронологиялық шеңберін анықтады. Екі орман арасындағы көлдегі ежелгі көшпенділер тұрағында шамамен 6000 жастағы жылқының сүйек қаңқалары табылды. Олжаның бірегейлігін палеонтолог ғалымдар анықтап, ғылымға жаңалық енгізеді.
-    Біз Күннің көзі бойынша бақылау жасауды, дәрілік шөптерді қалай қолдану керектігін үйреніп, елік, жылан, тарантулды өз көзімізбен көрдік. Данияр Сағандық екеуміз археологиялық қазба жұмыстарымызды Сәтбаев оқуларындағы ғылыми жобада таныстырамыз, - деді Бүркітбай Айдана. Келесі оқу жылында қазба жұмыстарының ең кішкентай қатысушысы  Айтым Айша табылған заттарды әжесінің әңгімелерімен байланыстырып, жаңа жоба ұсынады.
- Экспедицияның бірінші күнінен бастап археологиялық мектептің тәрбиеленушілері қызығушылық танытып, қазба жұмыстарына белсенді қатысты, қоршаған табиғатты зерттеді. Виктор Мерц пен Владимир Бычковтың шеберлік сабақтарынан өтті. Балалар неолит дәуіріндегі жәдігерлермен танысты, - деді археологиялық мектептің педагогі Әсемгүл Бессинбенова.

 

Түсініктемелер қосу