Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12799818
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2744
6835
19890
12574557
118271
375712
12799818

Сіздің IP: 3.145.74.54
Уақыт: 2024-04-18 13:37:08

Оқушылар сарайында даналық пен әділеттік сабақтары өтті

 

Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников
Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников

2022 жылдың 11 қазан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Республика күніне орай «Билер сөзі - нақылдың көзі» атты әдеби сабақ сағат өтті.

Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников Урок мудрости и справедливости прошел во Дворце школьников 

Еліміз биылғы жылы қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек бидің туғанына 355 жылын (1667-1764), Тәуке ханның кеңесшісі, кіші жүздің биі Әйтеке бидің туғанына 340 жылын (1682-1766), Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығын (1802-1847) атап өтеді.
Аталмыш іс-шараның қонақтары Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ-нің 7 «В» сынып оқушылары және тәрбие ісі жөніндегі мектеп басшысының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Рыспек Естай Рыспекұлы болды.
Кеш Қаз дауысты Қазбек бидің өмірі мен қызметі туралы деректі фильмді көруден басталды. Бейнефильмнен балалар атақты бидің өмірінен қызықты фактілерді, нақыл сөздерін тамашалады. Олар атақты бидің өз заманында даулы мәселелерді шебер шешкені жайлы білді.
Қазыбек бидің шешімдері әділ болды, халық арасында ол «шыншыл» деп аталды. Оның сөйлеген шешендік сөздері, көптеген мақал-мәтелдер ретінде ауызша халық шығармашылығына бай дүние, мұра болып қала берді.
Іс-шара ұйымдастырушысы әдіскер Асем Аипова «Ұлы дала Ұлағаты» галереясы бойынша экскурсия өткізіп, атақты еліміздің биінің өмірі мен шығармашылығына, нақыл сөздеріне терең тоқталып өтті.  
Іс-шарада «Ұлы даланың дара тұлғалары»,  «Қазақ би шешендер», «Қазақ хандары» кітаптар жинағы көрмесі ұйымдастырылды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ-нің 7 «В» сынып оқушылары Қазбек бидің нақыл даналық сөздерін жаттап, зерделеп, іс-шара барысында бидің сөздерін оқып, талдау жасады.
-Қазыбек би қазақ халқының бірлігінің символына айналды. Ол дипломат, шешен әрі философ болған еді. Оның өз халқына қалдырған мұрасы осы күнге дейін зерттелуде. Қазыбек би - жеке жүздің өкілі ғана емес, ол барлық қазақтардың Ұлы шешені,- деді
Асем Аипова.  
Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария жағалауында дүниеге келген. Қазыбек бидің туған жері Арғын, Орта жүз, атап айтқанда оның 12 ұрпағының ең үлкені - Қаракесек екені белгілі. Оның атасы Шаншар данышпан ретінде танымал болды, көшпенділер оған кеңес сұрады. Әкесі Келдібектің отбасында дәстүрлі дала мәдениеті бірінші орында тұрды. Ол Қазыбектің ең жақсы қасиеттерінің дамуына әсер етті: ол белсенді қоғамдық қызметке дайындалды, ауызша халық шығармашылығымен таныстырылды, шешендіктің нәзіктіктері мен даналықтарын үйретті, ақыл-ойын шыңдады, ұшқыр ойлауды дамытты. Анасы Тоқмейіл ақын адам болған екен.

 

Түсініктемелер қосу