Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12641966
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14641
29268
100915
12290016
336131
367470
12641966

Сіздің IP: 54.165.122.173
Уақыт: 2024-03-28 19:01:48

Павлодарлық оқушылар облыстық байқауда өз тарихымен бөлісті

Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе
Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе

13 қазан күні Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы»  атты республикалық байқауының облыстық туры өтті.

Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе 

Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе Павлодарские школьники рассказали историю своего рода на областном конкурсе

Байқауға қатысушылардың 60-тан астамы қазылар алқасының қарауына өз отбасының шығу тарихы бар портфолио ұсынды. Оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетіп, бейнероликтер, фотоколлаждар, презентациялар және шежірелік ағаштың түрлі нұсқаларын дайындады.
Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер –іззертегіштер» мұражайының жетекшісі Бақыт Бекқожинаның айтуынша, байқаудың басты мақсаты - отбасылық құндылықтарды нығайту және туған отбасының тарихымен танысу.
– Бұл байқау өте қызықты, өйткені балалар ата-бабаларына қызығушылық танытып, өмір ағашын өздері жасады. Біреулер алғаш рет атасын, арғы атасының кім екенін білді. Осы тамаша байқауда өзін–өзі бағалау және өзіндік құндылығын тәрбиелеу бұрынғыдан да ашық болды, - деп өз пікірімен бөлісті Бақыт Сағантайқызы.
Байқау кезеңдеріне өз өңірі мен елінің тарихы мен мәдениетін белсенді зерттейтін 5-10 сынып оқушылары қатысты.  Олар үшін бұл байқау туыстарымен байланыс орнатуға, ата-әжелеріне баруға, сондай-ақ отбасылық фото мұрағаттарды қайта қарауға тамаша себеп болды.
Баянауыл ауданы Ж. Аймауытов атындағы мектептің оқушысы Айша Құсайынова " Менің ата-бабаларым - менің кейіпкерлерім!» атты үй тапсырмасына қалай дайындалғанын айтып берді.
- Бүгін байқауда әкем туралы айттым. Менің әкем өте білімді, мықты адам. Ол Павлодар мен Баянауылдағы алқабилердің өкілі, бүркітші. Оны біздің ауылдың барлық тұрғындары құрметтейді және бағалайды. Мен үшін ол тек әке ғана емес, менің тірегім", - деп атап өтті Айша. - Мен презентацияға дайындалып жатқанда, ата-бабаларым туралы көп нәрсе білдім. Бұл байқау маған отбасыммен жақын болуға көмектесті. Мені барлық туыстарым қолдап, жобаға көмектесті, әңгімелерін айтты.
Барлық қатысушылар «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» байқауына қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Барлық кезеңдерді бағалағаннан кейін жарияланған жеңімпаз байқаудың республикалық кезеңіне аттанады.

 

 

Түсініктемелер қосу