Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар25158404
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13026 47925 223019 24650069 566517 375807 25158404 Сіздің IP: 216.73.216.31
Уақыт: 2026-11-29 13:03:52
|
Оқушылар сарайында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының бесінші облыстық Слеті өтті
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын білдіретін байқау 13 қазан күні М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының базасында өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Павлодар облысының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырды.
Конкурстық бағдарламаға Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 14 команда қатысты. Слет бағдарламасына үш конкурстық кезең кірді. Командаларға "Жемқорлықты өмір – Адал өмір" тақырыбында бейнеролик дайындау, "Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ" театрландырылған қойылымымен өнер көрсету және оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есепті ұсыну қажет болды.
|














