Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12648416
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3309
17782
107365
12290016
342581
367470
12648416

Сіздің IP: 34.238.138.162
Уақыт: 2024-03-29 07:07:38

Оқушылар сарайында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Даулет Шабанбаймен кездесу өтті

Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай
Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай

2022 жылдың 18 қараша күні Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» атты жоба аясында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Даулет Шабанбаймен кездесу өтті.

Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай  Во дворце школьников прошла встреча с бронзовым призёром Олимпийских игр Даулетом Шабанбай  

 

Олимпиада ойындарының жеңімпазы кездесуге өз жаттықтырушсы Мухаметалинов Оразалы Хамитұлымен келді.  
Спортшымен кездесуге Әлихан Бөкейханов, Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ, № №2, 7, 35, 43 мектептердің оқушылары және «Қаламгер» студиясының жас тілшілері қатысты.
Балалар бейнефильмнен спортшының өмір жолы мен спорттық жеңіс туралы біліп, Олимпиада туралы бейне үзінділер тамашалады.
Дәулет Еркінұлы Шабанбай - еркін стильдегі қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 1983 жылы 9 тамызда дүниеге келген. 125 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016). Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері 96 келіге дейін (2008, 2009, 2011) және 125 келіге дейін (2014) Азия ойындары, Азияның күміс жүлдегері. 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Барлық қатысушылар Даулет ағаларына сұрақ қоюға тырысты. Балаларды өз жолын қалай дұрыс таңдау керек, жас спортшының режимі қандай болуы керек, жарыстарға қалай дайындалу керек, қазақстандық спортты дамытудың болашағы қандай, қаламыздағы спорт секцияларына қалай жазылуға болады деген сұрақтар қызықтырды. Дәулет Ерінұлы спорттық жарыстарға қатысу, жетістіктері, нәтижелерге қол жеткізуге көмектескен мұғалімдер мен жаттықтырушылар туралы естеліктерімен бөлісті.
Кездесу тамаша көңіл-күйде өтті. Барлық оқушылар спортшыдан кеңестер алды.
-    Ең бастысы балалар, біздің Еліміздің патриоттары болыңдар, еңбекті сүйіндер, тәртіпті болып, еңбекке ұмтылыңдар! Өзекті мәселелердің бірі - өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту. Барлық балаларға өз спорт түрін таңдап, жоғары мақсаттар қойып, шеберлік шыңдарына табандылықпен баруларын тілеймін. Спорт мінезді қатайтады және өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектеседі, - деді Даулет Шабанбай.
-    Балалар, көп кітап оқуға, үлкендерді құрметтеуге, өмірде өз кәсібіңізді табуға және оны жоғары деңгейге көтеруге кеңес беремін, - деді Мухаметалинов Оразалы.
-    Өскелең ұрпақ өз жерлестерін - спортшыларды, мәдениет және өнер қайраткерлерін, жерлес-ақындар мен жырауларды білуі тиіс. Біздің кездесуде балалар біздің кейіпкеріміздің спорттық тағдыры туралы білді, - деді кездесу ұйымдастырушысы Асем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу