Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12807505
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4682
5749
27577
12574557
125958
375712
12807505

Сіздің IP: 3.133.79.70
Уақыт: 2024-04-19 14:17:39

Желтоқсан батырларымен кездесу

Встреча с участницей декабрьских событий Встреча с участницей декабрьских событий
Встреча с участницей декабрьских событий Встреча с участницей декабрьских событий

2022 жылдың 12 желтоқсан күні М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік - батырлары» атты кездесу өтті.

Встреча с участницей декабрьских событий Встреча с участницей декабрьских событий 

 

Кездесудің құрметті қонағы желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті филология ғылымының кандидаты, профессор Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы болды.   
Кездесу Оқушылар сарайы «Мұрагер» ансамбілінің «Жастар» күйінің орындауымен және  «Желтоқсан көтерілісі-1986 жыл» фильмнің тамашалауымен басталды.
Желтоқсан оқиғасын білу үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ гимназия-интернатының, Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған гимназиясының, Павлодар қаласы № 2 ЖОББМ-нің оқушылары мен ұстаздары келді.
Желтоқсан көтерілісі-1986 жылғы Алматыда болған бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиға.
Ырысгүл Бектемірқызы оқушылармен жылдар бойы жүрегінде сақтап келе жатқан оқиғамын бөлісті. Ол 1986 жылы үш күн қатарынан курстастармен алаңға шыққанда Педагогикалық институтының жас студенті еді.
Рыскүл Бектемірқызы балаларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, халқымыз үшін тәуелсіздік егемендік қалай келгенін түсіндіріп, сан ғасырлық арманға айналған бұл күн Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті мереке екенін атап өтті.
Кездесу соңында Әлихан Бөкейханов атындағы 5 «г» сынып оқушысы Бибигүл Төлегенова өз қалам ұшынан тербеп шыққан «Тәуелсіз Қазақстаным» атты өлеңін паш етті.
- Біз еліміздің ұлы тарихын, ата-баба рухын, аға ұрпақтың қаһармандық өмір жолын құрметтейміз. Балалар, сендер өздеріннің ана тілдерінді, тәуелсіз елімізді, жерімізді сүюге және бағалауға тиіссіңдер. Әрқашан аспанда қалықтаған бүркіт секілді самғай беріңдер! Еліміздің еркін жастары болған үшін мақтаныңдар! – деді Ырысгүл Бектемірқызы.
- Тәуелсіздік-халық пен елдің басты құндылығы. Іс-шарамыздың басты мақсаты-Оқушыларды еліміздің жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының батылдығы мен даналығын көрсету, - деді кездесудің ұйымдастырушысы Әсем Аипова.

 

Түсініктемелер қосу