Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12804909
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2086
5749
24981
12574557
123362
375712
12804909

Сіздің IP: 3.17.28.48
Уақыт: 2024-04-19 05:41:39

Тарихты зерттеген балалар

История глазами детей История глазами детей
История глазами детей История глазами детей

2023 жылдың 20 қаңтар күні М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайында Павлодар облысының құрылғанына 85-жыл толуына орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша өз Отанының немесе мекенінің көрікті жерлері үлгілерінің облыстық көрме-конкурсы өтті. 

История глазами детей История глазами детей 

Желтоқсан айында облыстың барлық аудандарында байқаудың бірінші туры өтіп, 200-ден астам мектеп оқушылары еліміздің, өз қалаларының немесе ауылдарының көрікті жерлерінің макеттерін ұсынды.
Конкурс қатысушылары Ақ Орданың, Ханшатырдың, Байтеректің, М.Ж.Көпеевтің мешіті,  Исабек Ишан мазары, Ғабдул Уахит Хазырет кешені, Сұлтанбек Сұлтанның мазары, Павлодарлық «Big Ben», Ұлы Жеңістің батырларына арналған макеттерін жасады.
Балалар заманауи киіз үйге, заманауи мектебіне, ауылына, қаласына өз көзқарастарын ұсынды.
Қазылар алқасы өзіндік шығармашылық көзқарасты, эстетикалық безендіруді, қатысушылардың туған өлкесі туралы жақсы білімдерін, өз жерінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтіндігін атап өтеді.
-  Мен Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітің макетін жасау үшін таңдадым, себебі бұл Еліміздің ең көрікті жері. Ол керемет, өте әдемі. Біз анаммен бірге мешітке экскурсияға бардық, мешіттің құрылу тарихын зерттедік, - деді Павлодар қаласы № 8 лицейдің оқушысы Матвей Дубовой.
- Әр елдің өзінің символы, эмблемасы, логотипі бар. Павлодар қаласында көптеген көрнекті жерлері бар.  Қаланың алғашқы көрнекті жерінің бірі – «Big Ben» - қалалық сағат. Мен оларды қашан және кім жасағанын білдім. Бұл сағаттар суықтан да, ыстықтан да қорықпайды, өйткені олар графитпен жабылған, - деді Павлодар қаласы № 8 лицейдің оқушысы Кұдас Арнұр.
- Мен киіз үй элементі бар "Болашақ спорт кешені" жасадым. Киіз үй-қазақ халқының ұлттық мекенжайы. Менің жұмысымда спорт залдары, үлкен бассейн және басқа да сауықтыру орталықтары бар бірнеше бөлімдерден тұрады, - деді Ертіс ауданы, Панфилов мектебінің оқушысы Салауат Орынберген.

Кіші жас ерекшелік санатында Бас жүлдеге Павлодар қаласы № 8 лицей оқушысы - Матвей Дубовой иеленді.
1 орын Ертіс ауданы, Панфилов мектебінің оқушысы, Салауат Орынберген.
2 орын Павлодар қаласы, № 26 ЖОМ-нің оқушысы Никифоров Даниил.
2 орын  Павлодар қаласы № 8 лицейінің оқушысы Савоник Даниил.
2 орын Павлодар қаласы № 8 лицейінің оқушысы Кұдас Арнур.
2 орын  Аққулы ауданы, Жамбыл ЖОМ-нің оқушысы Баранова Александра.  
3 орын Ақсу қаласы, «Спутник станциясының негізгі мектебі» Акшыман Наргиз.
3 орын Теренкөл ауданы, Песчан № 2 ЖОМ-нің оқушысы Терентьева Анастасия.
3 орын Павлодар ауданы, Шақат ЖОМ-нің оқушысы Шакен Назар.
3 орын Павлодар қаласы № 8 лицейдің оқушысы Ерманов Санжар.
3 орын Ақтоғай ауданы, Нығманов атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Казбеков Исабек .
3 орын – Экибастуз қаласы, №24 гимназия-мектебі, Каримова Ульяна.

Жоғары санаттағы Бас жүлдеге Екібастұз қаласы № 18 ЖОМ-нің оқушысы
Мерхат Кушибеков иеленді.
1 орын Павлодар қаласы № 8 лицейдің оқушысы Казаченко Полина.
2 орын Баянауыл ауданы, К.Сатпаев ат. ЖОББМ-нің оқушысы  Ержан Аскар.
3 орын Ертіс ауданы Горьковская ЖОМ,  Кабиден Қобланды.
3 орын Аққулы ауданы, Шақа ЖОББМ-нің оқушысы, Бектас Ислам.

- «Мен өз елімнің патриотымын» конкурсы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыру, өз елінің тарихын зерттеу мақсатында өткізілді, - деді конкурс үйлестірушісі Ғалия Ермекова

 

Түсініктемелер қосу