Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653736
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8629
17782
112685
12290016
347901
367470
12653736

Сіздің IP: 34.205.142.9
Уақыт: 2024-03-29 17:56:23

Үздік тәлімгерлер Оқушылар сарайының сахынасында

Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников
Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников

2023 жылдың 16 ақпанында Оқушылар сарайында "Жыл тәлімгері - 2023" облыстық байқауының финалы өтті, онда қалалық және облыстық білім беру мекемелерінің аға тәлімгерлері, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары өз шеберліктерін көрсетті.

Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников 

Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников

Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников Лучшие вожатые на сцене Дворца школьников


Қатысушылар "Үздік жас тәлімгер" және "Баға жетпес тәжірибе" атты екі номинацияға бөлінді.
Қазылар алқасына Букебаева Меруерт Кунанбаевна – "Балаларды қолдау өңірлік орталығы" директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, Рахимжанов Ризат Русланович -  ерікті, қоғам қайраткері, "New vision team" қоғамдық қорының директоры,  Жакупова Алма Ахметовна – «Жыл үйлестірушісі – 2019» конкурсының жеңімпазы,  Шулембаев ат. мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.
Қазылар алқасы қоғамдық бірлестіктегі тәлімгерлердің жұмысын бағалады, технологиялар мен әдістемелерді, жұмыстың инновациялық әдістері мен тәсілдерін, конкурсанттардың ұйымдастырушылық, креативті, коммуникативтік қабілеттерін пайдалануды талдады.
Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің тәлімгерлік жұмыстарын  видеовлог түрінде ұсынды, аға тәлімгердің қызмет жүйесін көрсетті. Финалда " Мен тәлімгермін – бұл керемет!" онда қатысушылар театрлық қойылым, флэшмоб, тимбилдинг арқылы өз қызметін көрсетті, өздерінің вокалдық және хореографиялық қабілеттерін, авторлық поэтикалық шығармаларын ортаға салды.
"Экспромт" байқауы педагогикалық жағдайларды шешуде тәлімгердің тапқырлығын анықтады. "Креативті Life" байқауында тәлімгерлер байқауға қатысушылармен шеберлік сабақтарын өткізу арқылы өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.

Конкурс жеңімпаздары атанған:
«Үздік жас тәлімгер» номинациясы бойынша:
Бас жүлде – Айсулу Шукижанова, Екібастұз қаласы, № 35 мектеп-гимназиясы;
1 орын - Айдана Шақырман, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов ат.ЖОББМ;
2 орын  - Атейхан Замзагуль,  Абай ЖОББМ,   Ақтоғай ауданы;  
2 орын - Татьяна Нагайцева, № 1ЖОББМ, Железин ауданы;
3 орын - Тайтуленова Диана,  Ямышев ЖОББМ, Аққулы ауданы;
3 орын - Ускимбаева Сабина, Ақсу қаласының мектеп-лицейі;
3 орын -   Искакова Инара, А.Бөкейханов ат. мектеп-лцейі,  Павлодар қ;
3 орын  – Галия Пелипенко, Ленин ЖОББМ,  Ертіс ауданы;  
3 орын - Мейрамгуль Андасова,  Павлодар қ, № 8 лицейі.  

«Баға жетпес тәжірибе» номинациясы бойынша
Бас жүлде - Мирагүл Бекмаганбетова, Д.Рахметов ат. ЖОББМ,  Баянаул ауданы;
1 орын - Баян Амерханова, Үштерек ЖОББМ, Ақсу қ;
2 орын - Барандыч Алена,  ЖОББМГ, Шарбақты ауданы;   
2 орын - Савченко Татьяна,  Михайлов ЖОББМ,  Железин ауданы;
3 орын - Шарипова Шолпан, № 1 ЖОББМ, Ертіс ауданы.

-    Аға тәлімгер  шығармашылық идеялардың бастамашысы болуы керек. Әрқашан креативті ойларды тауып, оны оқушылармен іс жүзіне асыру керек. Барлық таланттарыңыз бен ресурстарыңызды пайдаланып жұмыс жасау қажет. Балаларға адал дос болу, оларды сүю керек, - деді конкурс жеңімпазы Мирагуль Бекмаганбетова.
-    Мен өз жұмысымды және белсенді өмірді, позитивті ойлауды жақсы көремін. Әрдайым оқушыларға үлгі болуға тырысамын, оларға жылулық сыйлаймын. Барлық әріптестеріме көтеріңкі көңіл күй, шығармашылық, қажырлы қайрат, талмас талап тілеймін, - деді конкурс жеңімпазы
Татьяна Савченко.

Түсініктемелер қосу