Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654230
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9123
17782
113179
12290016
348395
367470
12654230

Сіздің IP: 3.91.17.78
Уақыт: 2024-03-29 19:06:39

Тренд тақия тігеміз

Мастер-класс по изготовлению трендовых такия Мастер-класс по изготовлению трендовых такия
Мастер-класс по изготовлению трендовых такия Мастер-класс по изготовлению трендовых такия

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2023 жылдың 13 наурыз Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында және Көрісу күні «Тренд тақия тігеміз» атты заманауи тақиялар тігу бойынша шеберлік сабақ өтті.

Мастер-класс по изготовлению трендовых такия  Мастер-класс по изготовлению трендовых такия  

Мастер-класс по изготовлению трендовых такия  Мастер-класс по изготовлению трендовых такия


Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, минимализм стилімен тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады.  Еліміздің ертеңі жас буынның қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз.   
Шеберлік сабаққа дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның, Павлодар қаласы № 25 ЖОББМ-нің, «Жас Дарын» мамандандырылған мектебінің, Алихан Бөкейханов ат. лицей мектебінің,   облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының шебер қыздары қатысты.
Шеберлік сабақты өткізген  Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназиясының «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы, «Нұр-Ана әлемі» лигасының мүшесі Сұнгатова Ғалия Балтабайқызы.
Іс-шараның құрметті қонақтары ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалы және «Нұр-Ана Әлемі» лигасы мүшелері болды.
Қол өнерші Ғалия апай трендке айналған тақияларды тігіп көрсетіп қоймай, оның пішудің жолдарын, тақияны сәндеп безендіруді, ұлттық киімдердің шығу тарихын, тақияны киюдің жолдарын үйретті.
Аталмыш іс шараның басты мақсаты оқушыларды ұлттық өнерге бауылу, тақия тігу технологиясын толық меңгеру,
ұлттық қолөнерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін дамыту. Шеберлік сабақтың соныңда отызға жуық қыз балалар өз қолдарымен тіккен тақияны сыйға алып, сахына төрінде дефиле жасады.  
-    Қазіргі таңда трендте жүрген қазақы тақияның шыққанына қуанамын. Себебі басқа кигенде қыздарға жарасымды әрі ыңғайлы әдемі болып тұрады. Кез келген киіммен үйлестіріп киіп аламын. Сонымен қатар бұл тақияны әртүрлі етіп сәндеп, моншақтар тігіп алуға болады, яғни әркім өз қалауы бойынша. Мен ұлттық киімдерімізді брендтен түспейді деп ойлаймын. Өйткені  қазіргі  кезде  жастар  ұлттық  киімдеріміздің  бағалы, сапалы, жарасымды  екенін біледі. Оқушылар сарайында өткізіліп отырған «Тренд тақия тігеміз» атты шеберлік сабақ ұйымдастырған ұстаздарға алғыс айтамыз. Бүгінгі өз қолыммен жасаған тақиям көңілімнен шықты. Енді мен осындай тақия тігуді үйрендім. Құрбыларыма да тігіп беріп, сыйлыққа тарту жасаймын, - деді облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 «а» сынып оқушысы Салтанат Абдрахманова.  
-    Жаңашылдыққа жанымыз құмар XXI ғасырда халқымыздың асыл мұрасы – тарихымыздан сыр шертетін ұлттық бұйымдары заман ағымына сай ілесетіні қуантады. Ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі – кешегі Абай, Сәкен, Қажымұқан Мұңайтпасұлы секілді ұлт зиялылары киген тақиялары қазір трендте. Осындай әдемі тақия тігіп, қыздарға ұлттық тәрбие беріп, өзінің қол-өнерімен бөліскен, Ғалия Балтабайқызына алғыс айтамыз, - деді шеберлік сабақты ұйымдастырған Асем Аипова.  
Айта кетсек, 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы  мерекесінде Оқушылар сарайының алаңында «Taqıa Fashion week» атты қыздардың үлкен дефилесі өтеді. Бұл жерге қала мектептерінен өз қолдарымен тақияларды тіккен  қыздар шақырылады.

Түсініктемелер қосу