Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18594126
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3137 14557 47446 18324797 17694 307313 18594126 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-02 05:41:09
|
Облыстың аға тәлмгерлеріне және балалар мен жасөспірімдер ұйымдары координаторларына арналған семинар
2014 жылдың 23 қаңтарында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірмдер ұйымының координаторларына және аға тәлімгерлерге арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларымен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинар аясында қатысушылар Лебяжі ауданының, Павлодар қаласы №29 ЖОББМ, №11 ЖОББМ, Успен балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының тәжірибесімен танысты. Семинардың екінші бөлімінде «Жас Қыран» - балалық шақ әлемі» практикумы жүзеге асты. Қатысушылар үш шығармашылық топқа бөліне отырып, бастауыш сынып оқушылары жүзеге асыруы арқылы жасқырандықтардың мектептегі жұмысын белсендіретін жобалар жасап көрді. Семинар соңынан барлық педагогтерге директордың кәсіптік оқыту бойынша орынбасары Солтанбекова Ж.Е. сертификаттар табыстады. ОБЖҰ өңірлік хатшысы Петрович О.В. Лебяжі ауданының БЖҰ координаторы Жиеналина Гульбарам Жақыпбековнаға, Павлодар қаласының аға тәлімгерлері Скляренко Анна Викторовнаға, Матюшева Анна Александровнаға және Успен ауданы №2 ЖОМ аға тәлімгері Сластен Марина Вячеславовнаға алғыс хаттар табыстады. |