Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12961230
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1013
8471
33211
12665085
14028
265655
12961230

Сіздің IP: 3.133.121.160
Уақыт: 2024-05-03 04:35:24

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының VI облыстық слеті

VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ» VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ»
VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ» VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ»

2023 жылдың 13 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» облыстық ерікті мектеп клубтарының ауқымды слеті өтті. Іс-шараны Павлодар облысының білім беру басқармасы,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырды. Слетке қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары – 18 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қатысты.

VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ» VI областной слет добровольных школьных клубов «Адал Ұрпақ» 


«Адал Ұрпақ» слеті 2017 жылдан бастап өтіп келеді және балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін дамытуға, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Облыстық слет екі бөлім бойынша өтті. Бірінші бөлім екі байқаудан тұрды – «Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ» тақырыбында театрландырылған қойылым байқауы және «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» 2022-2023 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп презинтациясы. Байқауға қатысу қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өзін белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Слеттің екінші бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық туралы біз не білеміз?» тақырыбында брифинг өтті. Оған «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» директоры Ризат Рахимжанов және Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті. Қатысушылар брифинг қонағына сұрақ-сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Әділ қазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге Ақтоғай ауданы «Мүткенов атындағы ЖОББМ» «Жалын» командасы ие болды. 1 дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының № 11 ЖОББМ мен Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ марапатталды.
2-ші орынды Баянауыл ауданының "Алаш" командасы және Аққулы ауданының "Әділет" командасы иеленді. Облыстық дарынды балаларға арналған "Жас Дарын" мектебінің командасы мен Ақсу қаласының "Жас Қыран" командасы 3-ші орынға ие болды.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу