Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24812192
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5881 12191 5881 24515114 220305 375807 24812192 Сіздің IP: 216.73.216.246
Уақыт: 2026-11-16 12:03:32
|
VII Облыстық «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті
Жас ұрпақты антикоррупциялық тәрбиелеу мақсатында М.М. Катаев атындағы мектеп Оқушылар сарайында облыстық «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті өтті. Бұл шара Павлодар облысы білім басқармасының, М.М. Катаев атындағы мектеп оқушылар сарайының және «Жас Ұлан» Біріңғай балалар мен жастар ұйымының бастамасымен өткізілді. Слетке қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары 15 ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубтары қатысты.
Шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімі «Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ» тақырыбында агитациялық бригадалар конкурсы мен 2023-2024 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп презентациясынан құралды. Конкурсқа қатысу қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде өзін сезінуге мүмкіндік берді.
|














