Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18594115
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3126 14557 47435 18324797 17683 307313 18594115 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-02 05:40:01
|
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық семинар
14 қаңтар күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында 0-ден 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары үшін облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тәрбиелік жұмысты жетілдіру және жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Семинар барысында педагогтер тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Тәрбиелік процестегі кешенді көзқарас, ұлттық құндылықтарды насихаттау және мектеп, отбасы мен бала арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту тақырыптары басты назарда болды. Іс-шарада кітапхана жобалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру, шағын білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату сияқты маңызды мәселелер қамтылды.
|