Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар25156261
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10883 47925 220876 24650069 564374 375807 25156261 Сіздің IP: 216.73.216.31
Уақыт: 2026-11-29 11:07:32
|
«Қамқор жүректер» бас қосты: Павлодарда облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті
Бүгін 19 мамыр күні Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қамқор» жобасының облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті. Бір күнге созылған мазмұнды шараға 11–17 жас аралығындағы 100-ге жуық жас белсенді қатысты.
Слеттің мақсаты — өңір жастарын біріктіріп, волонтерлік бастамаларды қолдау арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар бес бағытта жұмыс істеді: эковолонтерлік, медиаволонтерлік, төтенше жағдай кезіндегі көмек, көшбасшылық және тимбилдинг. Топ жетекшілері үшін скауттық бағыт бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.
|














