Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар25022554
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12785 26663 87169 24650069 430667 375807 25022554 Сіздің IP: 216.73.217.16
Уақыт: 2026-11-26 07:08:48
|
«Қамқор жүректер» бас қосты: Павлодарда облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті
Бүгін 19 мамыр күні Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қамқор» жобасының облыстық волонтерлік отрядтар слеті өтті. Бір күнге созылған мазмұнды шараға 11–17 жас аралығындағы 100-ге жуық жас белсенді қатысты.
Слеттің мақсаты — өңір жастарын біріктіріп, волонтерлік бастамаларды қолдау арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар бес бағытта жұмыс істеді: эковолонтерлік, медиаволонтерлік, төтенше жағдай кезіндегі көмек, көшбасшылық және тимбилдинг. Топ жетекшілері үшін скауттық бағыт бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.
|














