Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24811936
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5625 12191 5625 24515114 220049 375807 24811936 Сіздің IP: 216.73.216.246
Уақыт: 2026-11-16 11:32:21
|
Шоқтығы биік Шоқан мұрасы
5 желтоқсан күні Оқушылар сарайында «Патриотикалық жәдігер» атты көрме өтті, ол ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналды. Көрмеге Ж. Ташенов, М.Әлімбаев және №7 ЖОББМ-нің оқушылары мен педагогтері қатысты.
Балалар сирек кездесетін кітаптар мен архивтік материалдармен танысып, ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектеріне қызығушылықпен көз жүгіртті. Оқушылар зерттеулерді талқылап, сұрақтар қойып, Ш. Уәлихановтың шығармашылығы мен ғылыми жолына ерекше қызығушылық танытты. Айрықша әсер қалдырғаны – Ш. Уәлиханов пен Г. Потаниннің хат алмасулары. Бұл жазбалар олардың достығын, ғылыми ізденістерін және сол дәуірдің рухын айқын көрсетеді. Көрмеге арнайы викторина ұйымдастырылып, балалар экспедициялар мен ғалымның ғылыми мұрасына арналған танымдық фильмді тамашалады. Біз көрмеге қатысып, сирек материалдар ұсынған Бақытжан Букашеваға алғыс білдіреміз. Көрме балаларға жаңа білім мен тарихи таным сыйлады, олар Шоқан Уәлихановтың өмірі мен мұрасын жан-жақты сезіне білді.
|














