Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22771689
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2882 9147 2882 22542439 256505 338951 22771689 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-06-29 07:38:24
|
Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар
2014 жылдың 3 сәуірі күні Оқушылар сарайының кіші залында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Великая правда о Войне» тақырыбында семинар өткізілді. Ұйымдастырушылары: «Детско-Молодежная Школа Милосердия» ҚБ жетекшісі Асеева Л.И. және Оқушылар сарайының әдіскері Каирканова Н.Б. Семинарға қала мектептерінен барлығы – 15 адам қатысты (№28,26,22,39,30,41,43,9,1,24,25,20 лицей, 15 және Жетекші ЖОББМ).
Семинар барысында Асеева Людмила Ивановна мұғалімдерге Павлодар өңірінің Ұлы Отан соғысына қатысушылары туралы, Оқушылар сарайының «Деды – ветераны, внуки – следопыты» мұражайында қызмет еткен уақытында өзі басқарған «Красные следопыты» барлаушыларының атқарған жұмысы туралы айтты. Тіпті, «Красные следопыты» барлаушыларының ізденіс жұмыстары жайлы фильмді көпшілік назарына ұсынды. Әлия Молдағұловаға қатысты деректер берді. Сонымен қатар Асеева Л.И. өзінің «Связные истории» кітабын таныстырды. |














