Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24427902
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18374
12075
30449
24148758
211822
527623
24427902

Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-10-13 20:51:21

«Мобильді әдіскер»: тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдер

«Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе «Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе
«Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе «Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе

Тәрбие құндылықтарын күнделікті жұмысқа қалай енгізуге болады? Мектеп пен ата-ананың байланысын қалай нығайтуға болады?

«Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе «Мобильный методист»: эффективные подходы к воспитательной работе 

Бұл мәселелер 9 қазанда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында «Мобильді әдіскер» жобасы аясында өткен «Адал азамат» бағдарламасы бойынша семинар-практикумда талқыланды. Іс-шараны М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі «Адал азамат» өңірлік жобалық кеңсесінің тренерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, ата-аналар клубтарының жетекшілері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста жобалық кеңсе тренері, Павлодар технологиялық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. К. Теміржанова бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асырудың негізгі тәсілдерін таныстырды.
Практикалық бөлімде қатысушылар үш бағыт бойынша жұмыс істеді: «Заң және тәртіп» – құқықтық сауаттылық пен «Таза Қазақстан» бағыты бойынша практикумды Оқушылар сарайының әдіскері А. И. Фрик өткізді. «Адал еңбек – саналы таңдау» – еңбек пен жауапкершілікке тәрбиелеу бойынша тренингті әдіскер А. А. Шияненко жүргізді.  «Сенім бар жерде – тәрбие бар» – «Тәрбие ошағы» жобасы арқылы отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайтуға арналған практикумды әдіскер М. Б. Темірбулатова өткізді. «Мобильді әдіскер» жобасы ауыл педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға және тәрбие жұмысының тиімді тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді. Семинар қорытындысында қатысушылар күнделікті жұмыста қолдануға арналған практикалық кейстер мен әдістемелік ұсынымдар алды. Мектеп, отбасы және педагогтердің бірлескен әрекеті – жауапты, еңбекқор әрі саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды негізі.

 

 

Түсініктемелер қосу