Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24932916
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 28804 21974 126605 24515114 341029 375807 24932916 Сіздің IP: 216.73.217.16
Уақыт: 2026-11-22 21:15:07
|
«Мобильді әдіскер»: тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдер
Тәрбие құндылықтарын күнделікті жұмысқа қалай енгізуге болады? Мектеп пен ата-ананың байланысын қалай нығайтуға болады?
Бұл мәселелер 9 қазанда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында «Мобильді әдіскер» жобасы аясында өткен «Адал азамат» бағдарламасы бойынша семинар-практикумда талқыланды. Іс-шараны М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі «Адал азамат» өңірлік жобалық кеңсесінің тренерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, ата-аналар клубтарының жетекшілері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста жобалық кеңсе тренері, Павлодар технологиялық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. К. Теміржанова бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асырудың негізгі тәсілдерін таныстырды.
|














