Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17504186
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4638 10370 137092 17154813 424137 426494 17504186 Сіздің IP: 18.217.178.138
Уақыт: 2025-04-27 08:30:10
|
«Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»
15 сәуір күні «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014» акциясына бастау берілді. Қала мектептеріндегі оқушылардан құралған еріктілер тобы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының алдында жиналды. Оған барлығы - 22 мектеп, 262 бала қатысты. Акцияны қолдаушылар Ұлттық волонтерлік желі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар Қанаты. Жиынға қатысушы еріктілер топтары өткен жылдары осы акция барысында атқарылған істермен танысып, бүгінгі күнге арналған тапсырмаларын алды. Бұдан соң «Жақсылық жаса!» акциясы өткізілді. Акция барысында балалар көшеде кездескен адамдарға смайликтер, мейірімділік пен қайырымдылыққа шақыратын парақшалар таратты. «Көктемнің мейірімділік апталығы» аясында оқушылардан, студенттерден, жалпы жастардан құралған еріктілер жасақтары қайырымды істер жасайды. Қарттарға, ҰОС және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне көмектеседі, мүмкіндігі шектеулі балаларға концерттер ұйымдастырады. Барлық қатысушыларды, біз де, жақсылық пен мейірімге толы істер жасауға шақырамыз. |