Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22492345
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1270 10436 27976 22235337 316112 328164 22492345 Сіздің IP: 216.73.216.214
Уақыт: 2026-05-28 04:34:02
|
Ардагерлермен кездесу
«Көктемнің қайырымдылық апталығы – 2014» акциясы аясында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының кіші залында ардагерлермен кездесу кеші өткізілді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагері – Гарусов Николай Афанасьевич пен Еңбек ардагері Кенжекөл ЖОМ құрметті ұстазы Кускеева Роза Казимировна шақырылды. Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы Омарова А.З. мен №13 мектептің аға тәлімгері Сабирова С.А. ұйымдастырды. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақ тілектерін айтты. Ал Оқушылар сарайының «Жас дәурен», «Арман-шоу» студияларының шәкірттері соғыс тақырыбындағы әндер орындаса, «Анастасия» үлгілі би клубының жеткіншектері мұң бұрала вальс биледі. №13 мектептен келген хор ұжымы да тамаша әнмен көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Бұдан басқа №41, 39 мектептердің оқушылары өнер көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, сахнаға шыққан әрбір бала өз өнерлері арқылы бейбіт өмір мен ашық аспан үшін құрметті ардагерлерге алғыстарын білдірді. |














