Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23353237
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 550 18232 74022 22989335 244663 322822 23353237 Сіздің IP: 216.73.217.94
Уақыт: 2026-08-14 00:31:59
|
Ерлік сабағы
Ерлік, батырлық, қайсарлық туралы сөз қозғаған кезде, әрбір адамның санасынада Ұлы ОТан соғысы жылдары еске түсері анық. Биыл Жеңіске 69 жыл толып отыр. Айтулы мерекені еліміз абыроймен атап өтті. Біздің Оқушылар сарайындада осыған байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның біреуі 6 мамыр күні әдіскер Сыздыкова Асем Кабдуллаевна өткізген «Ерлік сабағы». Бұл іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысты. Жетекшілері де әр түрлі станциялар бойынша дайындалған тапсырмаларға балалармен бірдей жауап берді. Станцияларда әскери әндер, ардагерлер есімі берілген қала көшелері, Павлодар облысының Кеңес Одағы Батыры атағын алған жауынгерлер және жалпы Ұлы Отан соғысына қатысты деректер бойынша тапсырмалар орындалды. Айта кететіні, барлық топтар қанағаттанарлық білім көрсетті. Ал кей жерлерде олардың білім деңгейлері таң қалдырды. Өзінің елінің тарихына немқұрайлы қарамайтын жастар осындай болмақ.
Барлығымызды Жеңіс мейрамымен құттықтаймыз! Аспанымыз әркез ашық болып, бейбітшілігіміз мәңгілікке жалғассын! |














