Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23380884
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8366 19831 101669 22989335 272310 322822 23380884 Сіздің IP: 216.73.217.94
Уақыт: 2026-08-15 10:15:16
|
«Шуақты жазбен» бірге
Оқушылар сарайында 1 маусым күні, Балалардың құқығын қорғау мерекесіне орай, «Шуақты жаз» орталығы өз есігін айқара ашты. 2 маусымнан бастап қала мектептерінен келген балалар Оқушылар сарайының мұғалімдері ұйымдастырған алаңдардың қонағы болды. Балалар 4 станция бойынша тарап отырды. «Алтын қоржын» - ұлттық ойындар, ұлттық қолөнер мен аспаптардың станциясы, «Ақ бұлақ» - экологиялық бағыттағы станция, «Өрлеу» - техникалық бағыт және «Артәлем» - вокал, би, театрды біріктірген станция. Сонымен қатар орталықтың жұмысы «Шуақты жаз» қабырға газеті мен «Луч» шығармашылық бірлестігі дайындаған телевизиялық жаңалықтар арқылы көрсетіліп отырды. Ал «Радуга детства» станциясы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасады. Бізге келген балалардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Біреуі сурет салса, екіншісі оригамимен жұмыс жасады, үшіншілері викторинаға қатысты, төртіншілері таза ауада эстафеталар ойнады, басқалары би биледі. Және үлкен залдағы әдемі концертті тамашалады. «Шуақты жаз» орталығы шілде айының ортасына дейін жұмысын жалғастырып, қаламыздағы оқушылардың бос уақытын қамтуға септігін тигізді. |














