Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20499846
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8084 13314 72549 20170934 267524 381361 20499846 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-20 14:51:29
|
А.С. Пушкиннің поэзия әлеміне саяхат
2014 жылдың 6 маусымы А.С.Пушкиннің туғанына 215 жыл толуына орай Павлодарда «Солнце русской поэзии» тақырыбында поэтикалық марафон өткізілді. Күні бойы қала бойынша өлеңді мәнерлеп оқу дәстүрін жаңғыртуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Біз де бұл мерекенің белсенді қатысушылары қатарында болдық. Оқушылар сарайының кітапханасында поэзияны жақсы көретін №43 мектептен келген 8-10 сынып оқушылары жиналды. Балалар ерекше ынтамен А.С.Пушкиннің өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы Суворова Т.В. викторина өткізді. Келген балалар сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз білімдерін сынады және «Славян мәдени орталығы»-нан сыйлыққа кітаптар алды. Вайберт Е.В. өз өлеңдерін оқыды. Оқушыларға кітапты жиі оқып, өз таланттарын шыңдасын және шығармашылық сайыстарға жиі қатыссын деген тілектер жеткізді. «Певец земли русской» кітап көрмесі үлкен қызығушылық тудырды. Пушкиннің өлеңіне жазылған әндер мен романстар орындалды. Барлық қатысушылар сертификаттар алды. Олардың ішінде біздің методистер: Юрченко М.В., Вайберт Е.В., Сулейменова С.С. Қалалық жұмыс алаңдарын ұйымдастырушылар Дипломдармен марапатталды, олардың ішінде Оқушылар сарайының кітапханашысы Суворова Т.В. бар. Салтанатты жиынның шарықтау шегі –барлық қатысушылардың сахна төріне шығып бір дауыспен «Я памятник себе воздвиг нерукатворный» өлеңін оқу болды. |














